"100 кітап". Бейімбет Майлин

Философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы «100 кітап» жобасының аясында 2015 жылдың 5 мамырында сағат 14.00-де әл-Фараби атындағы Орталықта қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» романын талқылауға арналған мәдени-тәрбиелік іс-шара өткізді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: филос.ғ.д., профессор Алтаев Ж.А., филос.ғ.д., доцент Едильбаева С.Ж., филос.ғ.к., доцент Куранбек А.А., филос.ғ.к., аға оқытушы Нигметова А.Т. Студенттер, магистранттар, докторанттар және философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасының оқытушылары шақырылды. Пікірталасқа химия, физика және география факультеніңі студенттері белсене қатысты.

Шығармашылық бағытта өткен талқылауда филос.ғ.д., доцент Едильбаева С.Ж. алғысөз сөйледі, филос.ғ.д., профессор Алтаев Ж.А. қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» шығармасының негізгі танымдық идеяларын ашып көрсетті, филос.ғ.к., доцент Куранбек А.А. жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасының 2-курс студенттері Тасбалта Бақдаулет пен Бекен Нұраддин баяндама жасады. Одан әрі талқылауда философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасының 2-курс магистранты Айтжанова Қызғалдақ белсене қатысты. Талқылауға үлкен қызығушылықпен химия факультетінің 4-курс студенті Макпал Муратхан, физика факультетінің 2-курс студент Еденбай Максат, Құлмаганбетова Зарина, Нургазинова Айгерим, Кандиллаев Жандос араласты. Филос.ғ.к., аға оқытушы Нигметова А.Т. Бейімбет Майлиннің шығармашылығын Қайта өрлеу дәуірі жазушыларының шығармалығымен салыстырды. Филос.ғ.д., доцент Едильбаева С.Ж. талқылауды қорытты. филос.ғ.д., профессор Алтаев Ж.А. студенттерге қазіргі заман әдебиеттерін де оқуға кеңес беріп, игі тілектерін білдірді.

Басылым күні :  12.05.2015