Технологиялық бағыттағы арнайы курстарды әзірлеудің әдістемелік мәселелері

2019 жылы 8 қазанда, аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технология кафедрасының және ұйым өкілдерінің (онлайн) жиналысы өтті, онда технологиялық бағыттағы арнайы курстарды әзірлеудің әдістемелік мәселелері қарастырылды. Жұмыс берушілер жас мамандарға нарықтық сұранысты қалыптастырады, білім беру бағдарламаларын түзету кезінде олардың тілектерін есепке алу түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие болуын арттырады және білім беру мекемесінің оң имиджін қалыптастырады. Осыған байланысты ЖОО түлектерінің болашақ жұмыс орны мен әлеуетті жұмыс беруші ретінде кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасаудың ерекше маңызы бар. Сондықтан, Келесі жұмыс берушілердің тілектерін ескере отырып, силлабустардың мазмұнын, ПОӘК-ны қайта қарау шешілді: Филиал АҚ «Волковгеология» «Центральная опытно-методическая экспедиция», «TS Өңтүстік жанар май» ЖШС, «КасХим», «РауанНалко» ЖШС, Production Company «KazConstructionGroup» ЖШС, ТОО «ЕвроКристалл» ЖШС, «ХимСервис» ЖШС, «Кайнар-АКБ» ЖШС, «ЮгРегионПласт» ЖШС, «Балмұздақ» ЖШС, «Agro-V» ЖШС және т.б.

 

Басылым күні :  12.03.2020