Жұмыс берушілер тарапынан жас маманның портреті

2019 жылдың 13 қарашасында аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технология кафедрасының оқытушылары "БЗХТ – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы" мамандығының студенттері "ОхТес" ЖШС цехының бастығы А. В. Высоцкамен, "Шұғыла Шұңғит" ЖШС директоры Д. Ж. Шаяхметовпен, "Golden Time Group" ЖШС директоры Ж. М. Шәуілсейтпен, "Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты"ЖШС зертханасының меңгерушісі Д. Ж. Шаяхметовпен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Әл -Фараби атындағы ҚазҰУ химия факультеті түлектерінің кәсіби біліктілік деңгейін бағалау жүргізілді. Жұмыс берушілер тарапынан жас маманның портреті жасалды. Жұмыс берушілердің бағалауында түлектердің кәсіби дайындығы сапасының кепілдіктері сипатталған. Сондай-ақ, кездесу барысында түлектердің жұмысқа орналасу тиімділігі мен табыстылығын арттыруға қатысты мәселелер талқыланды. Бұл проблемалы жағдайды шешу мүмкіндігі ЖОО-ның жұмыс беруші ұйымдармен бірігуі және өзара іс-қимылы кезінде ғана мүмкін екені атап өтілді .

 

Басылым күні :  12.03.2020