2018 жылдың 12 мамырында Сарыагаш ауданының 143 орта мектебінде аймақтық олимпиаданың салтанатты жабылуы өтті.

2018 жылдың 12 мамырында Сарыагаш ауданының 143 орта мектебінде əл-Фараби атындағы ҚазҰУ--дың химия жəне химиялық технология факультетінің органикалық заттар, табиғи қосылыстар жəне полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен өткен аймақтық олимпиаданың салтанатты жабылуы өтті. Олимпиадаға осы аймақтың 10 мектебінің алдын-ала іріктелген 9-11 сынып оқушылары қатысты. Олимпиада тапсырмаларын жоғары балмен орындаған 17 оқушыға мадақтама қағаздары, оларды дайындаған ұстаздарға жəне мектеп ұжымына алғыс хат, сонымен бірге əл-Фараби ат. ҚазҰУдың символикасы бар күнтізбе, кружка, блокнот жəне ручкалар тапсырылды. Əл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың доценттері Уркимбаева П.И. жəне Кудреева химия жəне химиялық технология факультетімен таныстырып, қатысушылардың сұрағына жауап берді. Қатысушылар осындай олимпиадалардың нəтижесі көп екенін, келесі жылы басқа мектептерде өткізілуін сұрады.


Басылым күні :  16.05.2018