Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация қорғалды

Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасында 2014 жылы келесі (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациялық жұмыс қорғалды. 

Рахымбай Г.С. Диссертация тақырыбы: Қазақстан полиметалдық шикізатынан индийді электрохимиялық рафинирлеу технологиясын шығару. Ғылыми жетекшілер: химия ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбаева Бибісара Джальмухамедовна; PhD, Экс-Марсель Университетінің (Франция) профессоры Флоренце Вакандио.

Байматова Н.Х. Диссертация тақырыбы: Алматы қаласындағы химиялық ауа ластағыштар. Ғылыми жетекшілер: химия ғылымдарының докторы, профессор Батырбекова Светлана Есимбековна; PhD, Айова штаты Университетінің (АҚШ) профессоры Яцек Адам Козиел.

Холкин О.С. Диссертация тақырыбы: Берілген қасиеттері бар композициялық электрохимиялық жабындыларды алу. Ғылыми жетекшілер: химия ғылымдарының докторы, профессор Курбатов А.П.; Техас мемлекеттік университетінің (АҚШ) профессоры Гарри В. Билл; Экс-Марсель Университетінің (Франция) профессоры Дженизьен Тьери.

Басылым күні :  24.02.2015