Оқиғалар мен анонстар

«Әлемдік ақпарат кеңістігіндегі Шыңғыс Айтматов публицистикасы» атты ғылыми конференция өтеді

11.05.2015

2015 жылы 12 мамырдаәл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ЮНЕСКО және халықаралық журналистика кафедрасы және Әл-Фараби кітапханасының ұйымдастырумен«Әлемдік ақпарат кеңістігіндегі Шыңғыс Айтматов публицистикасы»атты студенттер мен жас ғалымдардың ғылымиконференциясы өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Посткеңестік кеңістіктегі қоныстану жүйесін реконфигурациялау: агломерациялар рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді

06.05.2015

2015 жылдың 6-8 мамырында География және табиғатты пайдалану факультетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы «Посткеңестік кеңістіктегі қоныстану жүйесін реконфигурациялау: агломерациялар рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«Бабалар аманаты» атты концерт өтеді

28.04.2015

2015 жылдың 29 сәуірінде (сағат 17:00-де) Қазақ хандығының мерейтойына арнап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық әні кафедрасының ұжымы (ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті Акт залында) ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, Кіші Фараби академиясы және Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен концерт береді.

Ары қарай оқу >>

«Батыс-Шығыс сұхбаттастығы аясындағы философиялық ой кешу» атты дөңгелек үстел өтеді

28.04.2015

2015 жылдың 30 сәуірінде сағат 10:00‐де, (123 ауд) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті, «Кіші Фараби Академиясының» ұйымдастыруымен философия ғылымдарының докторы, профессор Бекет Ғалымжанұлы Нұржановтың туған күніне орай, «Батыс-Шығыс сұхбаттастығы аясындағы философиялық ой кешу» деген тақырыпта дөңгелек үстел мәжілісі өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі» атты соғыс және тыл ардагерлерімен кездесу кеші өтеді

28.04.2015

2015 жылдың 30 сәуірінде сағат 14:00-де әл-Фараби кітапханасының ұйымдастыруымен (әл-Фараби Ғылыми кітапханасы, 4-қабат, мәжіліс залы) Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі» атты соғыс және тыл ардагерлерімен кездесу кеші өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстанда кәсіби медиаторларды дайындау» атты танысу семинары өтеді

27.04.2015

2015 жылдың 28 сәуірінде (316 ауд.) Қазақ ұлттық университетінің азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасымен ұйымдастырған «Қазақстанда кәсіби медиаторларды дайындау» атты танысу семинары өтеді.

Ары қарай оқу >>

Профессор, филология ғылымдарының докторы Әмір Рақыш Сәтұлының 85 жылдығына арналған «Қазақ тілі коммуникативтік мәдени жүйеде: теориясы мен практикасы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді

23.04.2015

2015 жылы 24 сәуір сағат 9:30-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (Ғылыми кітапхана, конференц-зал, 4-қабат) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Әмір Рақыш Сәтұлының 85 жылдығына арналған «Қазақ тілі коммуникативтік мәдени жүйеде: теориясы мен практикасы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Қазіргі әлемдегі миссионерлік» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді

22.04.2015

29 сәуір, 2015 жылы, сағат 10:00-де Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Қазіргі әлемдегі миссионерлік» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырады.

Ары қарай оқу >>