«Өнегелі өмір» топтамасынан «Совет Исатаев» кітабының презентациясы өтеді

04.05.2015

Көрулер: 2393

2015 жылдың 14 мамырында «Қазақ университеті» баспасының «Өнегелі өмір» топтамасынан «Совет Исатаев» кітабының презентациясы өтеді.

Исатаев Совет Исатайұлы – ф.-м.ғ.к., профессор, кафедраның құрметті меңгерушісі, Ұлы Отан соғысының еңбек фронтының ардагері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Құрметті ардагері, 1979 жылы Қызылорда облысындағы «Қорқыт» темір жол разъездінің маңындағы Қорқыт Ата ескерткішіндегі саз аспабының авторы. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Еңбек ардагері», «Ұлы Отан соғысының жеңісіне 50 жыл» медальдарымен, «КСРО жоғары білім үздігі» белгісімен, ҚазССР Жоғары және орта арнайы білім Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Өтетін уақыты мен орны: 16.00, физика-техникалық факультетінің №1 дәріс залы

Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы