«Посткеңестік кеңістіктегі қоныстану жүйесін реконфигурациялау: агломерациялар рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді

06.05.2015

Көрулер: 3868

2015 жылдың 6-8 мамырында География және табиғатты пайдалану факультетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы «Посткеңестік кеңістіктегі қоныстану жүйесін реконфигурациялау: агломерациялар рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференцияның негізгі бағыттары: Дөңгелек үстел: Қазақстан қалалары және Алматы қаласының дамуының мәселесі мен мүмкіндіктері, секциялық отырыс: Посткеңестік кеңістіктегі қоныстану жүйесін реконфигурациялау: агломерациялар рөлі, семинар: Посткеңестік кеңістіктегі қалаларды реконфигурациялау.

Конференцияға Лейбниц аймақтық география Институтының профессорлары Изольда Браде және Ирина Слепухина (Германия), Алматы қаласы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы, құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау, жер қатынасы, автокөлік және коммуникация, метро құрылысы жөніндегі орынбасары Сауранбаев Болат Оспанұлы, Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы, бас сәулетші Садырбаев Ғабит Сұлтанғалиұлы (Алматы), Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысының орынбасары Айтілеу Жанат Әбдіхалықұлы (Алматы), Қазақстан құрылысшылар одағының Президенті Нысанбаева Любовь Владимировна, Кардифф университетінің жоспарлау және геогафия мектебінің профессоры Олег Голубчиков (Ұлыбриатния), М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Алла Махрова (Мәскеу, РФ), Орал мемлекеттік экономикалық университетінің проф. Наталья Власова, Ирина Тургель (Екатеринбург, РФ), Иван Савчук, К.Мезенцев (Украина), И.Солюквадзе (Грузия), А.Дружинин (РФ, Ростов-на-Дону), Қ.Сатбаев атындағы ҚазҰТУ профессоры А.Абилов және т.б. қатысады.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 2015 жылдың 6 мамырда сағат 9:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми кітапханасының 408 залында және 7 мамырда 6-оқу ғимаратының 101 аудиториясында келесі мекен-жайда өтеді: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, ҚазҰУ қалашығы, тел.: (727) 377-33-35 (ішкі 12-27), факс: (727) 377-34-47. Е-mail: geozemcad@mail.ru