Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі» атты соғыс және тыл ардагерлерімен кездесу кеші өтеді

28.04.2015

Көрулер: 4272

2015 жылдың 30 сәуірінде сағат 14:00-де әл-Фараби кітапханасының ұйымдастыруымен (әл-Фараби Ғылыми кітапханасы, 4-қабат, мәжіліс залы) Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі» атты соғыс және тыл ардагерлерімен кездесу кеші өтеді.

Кештің мақсаты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің Ұлы Отан соғысына қатысқан майдан, тыл ардагерлерінің елін, жерін қорғаған ерлігі мен қайсар рухына бас иіп, құрмет көрсету. Студент оқырмандарды Отанды сүюге, ерлікке, үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Фойеде «Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Ардагерлерге арналған кездесу кешінде деректі фильмдер, слайдтар көрсетіліп, патриоттық ән-күйлер беріледі. Ардагерлерді құттықтап, жазушылардың шығармаларынан үзінді оқылады.

Студенттердің сұрақтарына орай ардагарлермен сұхбат өтеді.

Ұйымдастырушылар: әл- Фараби кітапханасы, қызмет көрсету бөлімі