Профессор, филология ғылымдарының докторы Әмір Рақыш Сәтұлының 85 жылдығына арналған «Қазақ тілі коммуникативтік мәдени жүйеде: теориясы мен практикасы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді

23.04.2015

Көрулер: 2557

2015 жылы 24 сәуір сағат 9:30-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (Ғылыми кітапхана, конференц-зал, 4-қабат) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Әмір Рақыш Сәтұлының 85 жылдығына арналған «Қазақ тілі коммуникативтік мәдени жүйеде: теориясы мен практикасы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.

Конференцияны ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ тіл білімі кафедрасы.

Конференцияның мақсаты: Қазақ тілінің коммуникативтік мәдени жүйедегі орны, теориясы мен практикадағы қолданысын айқындау, саралау.

Конференция барысында университет баспасынан шыққан Әмір Рақыш Сәтұлына арналған «Өнегелі өмір» сериясының тұсаукесері өтеді.

Конференция барысында республикамыздың көптеген жоғары оқу орындарынан келген өкілдер тіл білімінің өзекті мәселелеріне арналған баяндамалар жасайды, сонымен қатар шетелдік әріптестер Online байланысқа шығады. Сонымен бірге Әмір Рақыш Сәтұлының шығармашылығы мен өміржолына арналған «Ғибратты ғұмыр» бейнефильм мен слайдттар көрсетіледі.

Конференция жұмысы 4 секциядан тұрады:

1-секция. Профессор Р.С. Әмірдің шығармашылық зертханасы

2-секция. Қазақ тіл білімінің коммуникативтік дәстүрі мен әдебиеттанудың ортақ мәселелері

3-секция. Қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар: мәтін лингвистикасы мен дискурс құрылымы, мәдениаралық қатысым және ғылыми-іскери, бақ коммуникациясы

4-секция. Жоғары және орта мектептерде заманауи білім берудің әдіснамалық негіздері мен технологиялары

5-секция. Қазақ тілінің тарихы мен түркітанудың өзекті мәселелері.

Аталған секцияларда 130 ғылыми-практикалық бағыттағы мақалалар баяндалады.

24 сәуір 18:00-18:30 – аралығында қорытынды мәжілісі болады. Қорытынды мәжілісте секциялар төрағаларының есебі тыңдалып, ұсыныстар қабылданады.