«Бабалар аманаты» атты концерт өтеді

28.04.2015

Көрулер: 3542

2015 жылдың 29 сәуірінде (сағат 17:00-де) Қазақ хандығының мерейтойына арнап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық әні кафедрасының ұжымы (ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті Акт залында) ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, Кіші Фараби академиясы және Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен концерт береді.

«Бабалар аманаты» аталатын ән-жыр шашуы арқылы отансүйгіштік қасиет дарытатын, тәрбиелік мәні терең ұлттық рухани мұрамыз – ән мен күйді, терме, толғауларымызды дәріптеу, насихаттау және жақсы көңіл-күй сыйлау көзделіп отыр. Өнерпаздар бабалардан жеткен ең таңдаулы толғау жырларды, әсем әнмен күмбірлеген күйлерді орындайды. Дарынды жастарымыздың репертуарында қазақтың әр аймағында қалыптасқан өнер мектептерінің таңдаулы туындылары орындалады.

Ұйымдастырушылар:

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, Кіші Фараби академиясы, «Шығыстың рухани құндылықтары» орталығы, «Шын сөйле» үйірмесі.

Өтетін орны: Бөгенбай батыр көшесі 39/47 (Масанчы көш. қиылысы)

(ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің Акт залы)

Келем деушілерге есік ашық.