Оқиғалар мен анонстар

Филология және әлем тілдері факультеті студенттер арасында республикалық шығармашылық байқау жариялайды

26.10.2015

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті, «Ай-Ару» рухани-танымдық студент қыздар Орталығы халқымыздың ардақты ұлы, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 130 жыл толуына орай «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында республика ЖОО студенттері арасында шығармашылық байқау өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Қазақ тіліне аударылған бағдарламалау курстарының презентациясы өтеді

26.10.2015

2015 жылы қазанның 28-жұлдызында сағат 12:00-де механика-математика факультетінің Қызыл залында Kcell компаниясының қолдауымен WikiBilim қоры аударған әйгілі Coursera платформасының қазақ тіліндегі 5 курсының тұсаукесері өтеді.

Ары қарай оқу >>

«One Love Almaty» республикалық байқауының қорытындысы ҚазҰУ-да өтеді

21.10.2015

Алматы қаласы брендын дамыту аясында, Қазақстан туристік агенттіктерінің қауымдастығы, БҰҰ Даму бағдарламасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың туризм кафедрасымен бірлесе отырып ұйымдастырылған «One Love Almaty» республикалық байқауының финалына шақырамыз!


Ары қарай оқу >>

Эразмус+ КА107 ұтқырлық бағдарламасы Кадис университетінде (Испания) білім алу мүмкіндігін ұсынады.

09.10.2015

Erasmus+ KA107 бағдарламасы ҚазҰУ студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына шет елде мәдени тәжірибие жинап, өзге білім жүйесімен танысып және басқа мемлекет азаматтарымен достық қарым-қатынас орнату мүмкіндігін ұсынады. Сонымен қатар бұл үдеріс халықаралық бірлестікті дамытуға зор үлесін қосады.


Ары қарай оқу >>

Финляндияда оқуға байқау жарияланды

09.10.2015

Халықаралық әріптестік департаменті Erasmus + бағдарламасы бойынша Хельсинки университетінде оқуға өтініштер қабылдайтынын жариялайды.

Өтініштерді сапарға шығатын уақыттан 8 апта бұрын тапсыру қажет.

Ары қарай оқу >>

Мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің мәжілісі өтеді.

05.10.2015

2015 жылдың 7 қазанында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін білім беру бағдарламаларын модернизациялау» ізгілендіру және жаратылыстану мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің мәжілісі өтеді.


Ары қарай оқу >>