Оқиғалар мен анонстар

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасына 81 жыл толуына орай «БАҚ мамандарын даярлау бастаулары және жаңа бағыттары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

20.11.2015

2015 жылдың 26-27 қараша күндері «Қазконтент» АҚ, Қазақстан Журналистер Одағы, Қазақстан Журналистер Академиясы, Бас редакторлар клубы ҚБ қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының құрылғанына 81 жыл толуына орай «БАҚ мамандарын даярлау бастаулары және жаңа бағыттары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Ана тілі аруы және Жігіт сұлтаны»

17.11.2015

2015 жылдың 20 қарашасында «Ана тілі аруы және Жігіт сұлтаны» атты жоба өтеді.

Жобаның мақсаты: Қазақстан жастары арасында мемлекеттік тіл қолданыс аясын арттыру, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Дүниежүзі тарихын қазіргі заманның өзекті мәселелеріне қатысты зерттеу» Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді

13.11.2015

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Тарих, археология және этнология факультетінің Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы«Дүниежүзі тарихын қазіргі заманның өзекті мәселелеріне қатысты зерттеу»Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізеді.


Ары қарай оқу >>

АҚШ-та тағылымдамадан өту гранттарына байқау жарияланды

10.11.2015

АҚШ ЗЕРТХАНАЛАРЫНДА ЖАЗҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛ!

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру Қоры ҚР азаматы болып келетін және қазақстандық ЖОО-ның жаратылыстану, ғылыми және техникалық мамандықтарында оқитын 2, 3-курс студенттеріне АҚШ зертханаларында ғылыми тағылымдамадан өту грантына байқау жариялайды.

Ары қарай оқу >>

ҚР әскери-әуе күштерінің ғарышкері Айдын Айымбетов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерімен кездеседі.

10.11.2015

Кездесу қазақтың үшінші және Қазғарыштың тұңғыш ғарышкері Айдын Айымбетовтың 2015 жылы 2 қыркүйек күні Халықаралық Ғарыш Бекетіне(ХҒБ) жасаған сапарына байланысты ұйымдастырылып отыр. Кездесу аясында Айдын Айымбетов студенттермен жүздесіп, ҚазҰУ нано-лаборатория, ғылыми-техникалық парктың жұмысымен танысып, бірегей әл-Фараби кітапханасын аралайды.

Ары қарай оқу >>

Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «ЖАТ» фильмінің режиссері Ермек Тұрсыновпен кездесу және фильмінің көрсетілімі өтеді

06.11.2015

Құрметті оқытушылар және қызметкерлер мен студенттер!

Сіздерді Отандық кино күні жобасы аясында кино сыншысы О.М. Борецкиймен бірлесе ұйымдастырылған әлемдік «Оскар» жүлдесінен үміткер «ЖАТ» фильмінің режиссері Ермек Тұрсыновпен кездесуге және фильмінің көрсетіліміне шақырамыз.

Ары қарай оқу >>