Филология және әлем тілдері факультеті студенттер арасында республикалық шығармашылық байқау жариялайды

26.10.2015

Көрулер: 3746

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті, «Ай-Ару» рухани-танымдық студент қыздар Орталығы халқымыздың ардақты ұлы, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 130 жыл толуына орай «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында республика ЖОО студенттері арасында шығармашылық байқау өткізеді.

Қатысам деушілер Міржақып Дулатұлының қайраткерлік ғұмырбаяны, публицистикалық, оқу-педагогикалық еңбегі, көркем туындылары туралы арнайы жазылған эссе, зерттеу, шығармалары (қалауы бойынша) бүркеншек есіммен 2015 жылдың 15 қарашасына дейін жазба жұмыстарын Орталықтың электронды поштасына жолдауына болады.

Байқау қорытындысы 28 қарашада жарияланады. Жеңімпаздар бірнеше аталым бойынша марапатталып, ақшалай сыйлықтарға ие болады. Байқауда іріктелген шығармалар Орталықтың дәстүрлі «Жас зерттеуші» ғылыми жинағында, «Ай-Ару» әдеби-танымдық студенттер жинағында жарияланады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

«Ай-Ару» рухани-танымдық студент қыздар Орталығы

Электронды поштасы: ai-aru.kazuu@mail.ru

Байланыс телефондары: 8702213 97 75

8 707 688 72 05