Эразмус+ КА107 ұтқырлық бағдарламасы Кадис университетінде (Испания) білім алу мүмкіндігін ұсынады.

09.10.2015

Көрулер: 4275

Erasmus+ KA107 бағдарламасы ҚазҰУ студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына шет елде мәдени тәжірибие жинап, өзге білім жүйесімен танысып және басқа мемлекет азаматтарымен достық қарым-қатынас орнату мүмкіндігін ұсынады. Сонымен қатар бұл үдеріс халықаралық бірлестікті дамытуға зор үлесін қосады.

Эразмус бағдарламасы аясында магистранттар және докторанттар диссертациялық ғылыми жұмысын, соңғы квалификациялық жұмысын немесе басқа да ғылыми жұмыстарын испан, ағылшын, француз немесе басқа да шет тілдерінде жүргізуге болады.

Айта кететін жағдай студент ағылшынша, испанша оқу немесе өзінің ғылыми жұмысын шет тілде жазу үшін ағылшын тілін меңгергендігі туралы сертификат (кемдегенде B1 деңгейі) иегері болу керек.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттерге шәкіртақы төленеді және де Кадис университетінде білім алу барысында студенттер аталмыш университетің барлық мүмкіндіктеріне қосымша төлемсіз қол жеткізе алады.

Шәкіртақы мөлшері мемлекетке және ол жерде өткізетін уақытқа байланысты белгіленеді. Испанияда шәкіртақы көлемі 800€.

2015-16 оқу жылының көктемгі мерзіміне, Эразмус ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжат тапсыру мерзімдері:

  • · Тіркелу уақыты: ақпанның 1-нен 15-не дейін, 2016 жыл
  • · Семестрдің басталу уақыты: ақпанның 15, 2016жыл
  • · Семестрдің соңы: шілденің 3, 2016 жыл.

Конкурсқа қатысам деушілер өтініштерін 13 қазаннан кеш қалдырмай беру керек.

Конкурс құжаттары бойынша Халықаралық Ынтымақтастық Департаменті айналысады. (ректорат әкімшілік ғимараты, 12 қабат, 1205-1204 кабинет, тел:3773446)