«Ньютон – әл-Фараби» бағдарламасы бойынша семинар өтеді

10.10.2015

Көрулер: 4354

«Ньютон – әл-Фараби» бағдарламасы бойынша алғашқы семинар 2015 жылдың қазан айының 13-15 аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өтеді.

«Ньютон – әл-Фараби» атты үкіметаралық қазақ-британдық бағдарлама шеңберінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың базасында құрылған кәсіби даму мен ынтымақтастық орталығында, зерттеушілердің біліктілігін арттыруға арналған «Researcher Connect» атты тренинг өткізіледі. Үш күндік тренинг 2015 жылдың қазан айының 13-нен 15-не дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өтеді.

«Researcher Connect» - бұл ғылыми-зерттеу қызметінің кез келген сатысында жүріп жатқан және кез келген академиялық салада жұмыс істейтін зерттеушілерге арналған интерактивті оқыту курстарының сериясы. Курстар халықаралық контексте коммуникациялық дағдыларды кәсіби дамытуға бағытталған.

Жаһандық нарықтағы өсіп жатқан бәсекелестік шартында, зерттеушілер мен олардың ұйымдарына шетелдік аудиторияға өздерінің ғылыми зерттеулерін кеңінен таныстыратын жаңа тәсілдер мен формалар қажет.

Сарапшылардың пікірінше, зерттеушілер одан әрі дамуға жаңа мүмкіндіктер ашатын ғаламдық коммуникациялардың әдістеріне назар аудару керек. Бұл құралдар ғылыми халықаралық журналдарда жариялануға, халықаралық конференцияларға қатысуға, зерттеулерді қаржыландыратын ұлттық және халықаралық жарыстарға қатысу үшін ұсыныс беруге, сонымен қатар ғылыми жобаларды ілгерілету үшін халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастықты бейімдеуге мүмкіндік береді.

Тренингке Алматы қаласының және Алматы облысының университеттері мен зерттеу институттарынан 20 өкіл қатысады. Тренинг қатысушылары білімдерін шыңдап, жаңа байланыс әдістерін үйреніп, өздерінің шығармашылық жобаларын зерттеу саласында ілгерілетуге арналған құралдармен танысады. Ғалымдардың бірегей тренингі ұйымдарға өзінің мекемесінің халықаралық ғылыми қауымдастықтағы абыройын және рейтингісін, сонымен қатар зерттеу сапасын жоғары сатыға көтеруге мүмкіндік береді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев: "Біздің университет "Ньютон – әл-Фараби» атты үкіметаралық қазақ-британдық бағдарлама шеңберінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың базасында құрылған кәсіби даму мен ынтымақтастық орталығы зерттеушілердің біліктілігін арттыру үшін жарыс негізінде хабпен таңдалған. Біз бұл бастаманы уақытылы және өзекті деп есептейміз. Осы семинарға қатысқан Алматының ЖОО-ның көптеген ғалымдары өнімді халықаралық ынтымақтастықты құруға қажетті білімді игереді деп үміттенеміз".

Джим Буттери, Қазақстандағы Британ кеңесінің директоры: " "Ньютон – әл-Фараби" серіктестік бағдарламасы бізге ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметте Ұлыбританияның тәжірибесін Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету мақсатында қолдануға мүмкіндік береді. Сайыста жеңген университеттерді құттықтаймыз және орталықтар Қазақстандағы біліктілікті көтеруге және Ұлыбритания мен Қазақстанның ғылыми қауымдастықтарының арасында тұрақты әрі өнімді қарым-қатынасты құруға үлесін қосады деп үміттенеміз".

"Ғылым қоры" АҚ президентінің міндетін атқарушы Еркін Тазабеков: "Көлемді халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларында қазақстандық ғалымдардың күшін стратегиялық инновациялық бағыттары бойынша шетелдік ғылыми-зерттеу қауымдастығына интеграциялау мүмкіндігі - Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Және біз, өз кезегімізде, Республикадағы ғалымдар мен зерттеушілердің «Ньютон – әл-Фараби» серіктестік бағдарламасына қатыса алуы үшін және сол арқылы еліміздің ғылыми-зерттеу артықшылығын нығайтуға үлес қосуы үшін барлық күш-жігерімізді салып жатырмыз",- деді.

Қазақстанның экономикалық дамуын қолдау үшін «Ньютон – әл-Фараби» серіктестік бағдарламасы Ұлыбритания және Қазақстан үкіметімен қаржыландырылады және үкіметтер, мемлекеттік мекемелер, ғылыми-зерттеу ұйымдары, жоғары оқу орындары, компаниялар мен кәсіпорындар арасындағы ғылыми-зерттеу және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және нығайту ретінде қызмет ететін болады. British Council (Британдық Кеңес) мен «Ғылым қоры» АҚ «Ньютон – әл-Фараби» бағдарламасының үйлестірушілері болып табылады.

Мақсаты Қазақстандағы ғылыми-зерттеу қызметін қолдау мен зерттеулердің тиімділігін арттыруға бағытталған «Ньютон – Әл-Фараби» серіктестік бағдарламасының шеңберінде, ҚР-дағы Британдық Консулдығы мен "Ғылым Қоры" АҚ Қазақстанның түрлі өңірлердегі жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде кәсіби даму және ынтымақтастықтың сегіз орталығын құру туралы бастаманы көтерді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстандағы үздік жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Өткізілген жүйелі өзгерістердің арқасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік университеттік рейтингтерде айтарлықтай алдыға ұмтылысты көрсетеді. Осылайша, 2015 жылы 15 қыркүйекте жарияланған QS (Ұлыбритания) халықаралық рейтинг агенттігінің зерттеу нәтижесі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің 800 үздік университеттерінің ішінде 275 орынды иеленіп, үздік 300 университеттің қатарына енді.

Осы рейтингте 2010 жылдан бері 326-орынды артқа тастап, соңғы жылы 30 сатыға жоғары көтерілген әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан және Орталық Азия университеттерінің ішінде айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізген алғашқы университет. Шетелдік сарапшылардың пікірінше, қысқа уақыт ішінде әлемнің үздік 300 университетінің қатарына ену университет қызметкерлерінің кәсіби және жұмыла қызмет еткендігін дәлелдейтін жаһандық феномен құбылыстарының бірі және серпінді ілгерілеу үлгісі болып табылады.

«Researcher Connect» үш күндік тренингі 2015 жылдың қазан айының 13-нен 15-не дейін (сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін) әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде, ректорат ғимаратында (306 аудиториясында) өтеді.

«Ньютон – әл-Фараби» бағдарламасының толық ақпаратымен мына сайтта таныса аласыз: http://www.britishcouncil.kz/ru/newton-al-farabi

Қосымша ақпарат алу үшін:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың өзара қатынас және кәсіби дамыту орталығы

Диляра Вудворд

Dilyara.Woodward@kaznu.kz

British Council

Елена Сим

communications@kz.britishcouncil.org

Тел.: +7 (727) 244 41 44

Тел.: +7 (727) 221 12 26

+7777203 2574

«Ғылым Қоры» АҚ

Асель Аманжолова

info@science-fund.kz

Тел.: +7 (717) 221 45 94