«Болашақ біздің қолымызда!» атты Тәуелсіздік құрдастарының Республикалық Жастар форумы

2-жел-11

Көрулер: 3421

«Болашақ біздің қолымызда!» атты Тәуелсіздік құрдастарының Республикалық Жастар форумы

3-желтоқсан болашақты өз қолына алатын жастар күні болып жарияланды. Бұл күн мереке иелері үшін несімен ерекшеленді? Еліміздің бас қаласы Астанада Қазақстан Жастар Конгресінің ұйымдастыруымен «Болашақ біздің қолымызда!» атты жастар форумы өтті. Қазақстан жастарының әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру мен Тәуелсіздііте жеткен жетістер мен белестерді нығайтуғ бекіту форумның басты мақсаты боолып табылды. Еліміздің елеулі оқиғасы –Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған жастар форумында Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған көшбасшылар арасында ҚазҰУ-дың үлкен делагациясы айрықша көзге түсті. Секция жұмыстарында түрлі ой айтып, пікір алмасып, ұсыныстар жасаған қазұулықтар басқа өңірден келген жастарға үлгі бола алды. ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұлов бастаған бірнеше қоғам, мемлекет қайраткері қатысқан форумның қорытынды жиынында секциялық жұмыстардың нәтижелері талқыға салынды. Жастар биімен басталып, жас эстрада жұлдызы Бүркіттің әнімен аяқталған форумның алғаш рет айрықша заманауи стилі жастарға ерекше ұнады.