Жаңалықтар

ҚазҰУ-да профессор Г.Жамбатырованы еске алу салтанатты өтеді

17.05.2013

28 мамырда сағат 10:00-де ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің Ғылыми мәжіліс залында халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырованың 70-жылдығына арналған еске алу салтанатты жиналысы және Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

«Серік Әбдірайымұлы оқуларының» жеңімпаздары анықталды

17.05.2013

Журналистика факультеті, баспа ісі және дизайн кафедрасы және Әбдірайымовтар әулетінің ұйымдастыруымен С.Әбдірайымұлының 70 жыл толуына байланысты «Серік Әбдірайымұлы оқулары» атты студенттік ғылыми және журналистік – публицистік жұмыс байқауы өтті.

Ары қарай оқу >>

Спорт ойындарының намыс додасы ұйымдастарылды

17.05.2013

2013 жылдың 10 мамыр күні ЖОО дейінгі білім беру факультетінде шетел азаматтары арасында баскетбол ойынынан жарыс өткізілді. Ойын мамыр айындағы мерекелер құрметіне ұйымдастырылды. Ерекше ептілік пен жылдамдықты қажет ететін ойынға шетелдік студенттердің қызығушылығы жоғары екендігі байқалды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «БҰҰ және Қазақстан Республикасының ынтымақтастық тәжірибесі» атты халықаралық конференция өтті

16.05.2013

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ-ның Қазақстанда қызмет етуіне 20 жыл толуына орай және БҰҰ-ның «Academic Impact» бастамасының аясында «БҰҰ және Қазақстан Республикасының ынтымақтастық тәжірибесі» («The United Nations and the Republic of Kazakhstan Cooperation Experience») атты халықаралық конференция өткізілді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Сәтті мансапқа бастама» атты бос орын жәрмеңкесі өтті

16.05.2013

16 мамыр күні әл-Фараби ғылыми кітапханасында Мансап және бизнес орталығының ұйымдастыруымен «Сәтті мансапқа бастама» атты ҚазҰУ-2013 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде Қазақстанның 50 ірі компанияларының бос жұмыс орындары мен стендтік сессиялары жұмыс жасады.

Ары қарай оқу >>

Балалар үйіндегі бір күн

15.05.2013

Философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының 3 курс дінтану және мәдениеттану мамандығының студенттері «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында факультеттер арасында «Жан жылуы» атты қайырымдылық акциясын өткізді.

Ары қарай оқу >>

16 мамыр күні ҚазҰУ-да «One Asia Foundation» халықаралық қор президенті Йоджи Сато дәріс оқиды

15.05.2013

Құрметті оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер! Философия және саясаттану факультетінің саясаттану кафедрасы «One Asia Foundation» халықаралық қор президенті Йоджи Сато «Біртұтас әлем» тақырыбында дәрісін тыңдауға шақырады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтановқа француздық кавалер ордені атағы берілді

13.05.2013

Білім саласындағы еңбегі, Қазастан-Француз университетік және ғылыми әріптестіктің дамуына қосқан үлесі үшін ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановқа Пальма бұтағы академиялық орденінің кавалері наградасы берілді. Франция Республикасы премьер-министрі атынан Алматы қаласындағы Франция Елшілігінің Бас консулы Гийом Наржоле табыс етті.

Ары қарай оқу >>