ҚазҰУ-да «БҰҰ және Қазақстан Республикасының ынтымақтастық тәжірибесі» атты халықаралық конференция өтті

16.05.2013

Көрулер: 3321

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ-ның Қазақстанда қызмет етуіне 20 жыл толуына орай және БҰҰ-ның «Academic Impact» бастамасының аясында «БҰҰ және Қазақстан Республикасының ынтымақтастық тәжірибесі» («The United Nations and the Republic of Kazakhstan Cooperation Experience») атты халықаралық конференция өткізілді.


2013 жыл Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасында қызмет етуінің 20 жылдығы аясында өтуде. Аталмыш оқиғаны атап өту мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кезекті халықаралық конференция өткізілді.

Конференцияның мақсаты: БҰҰ-ның Қазақстан Республикасымен қауіпсіздік, көші-қон, гуманитарлық мәселелер, әйелдер мен балалар мәселелері сияқты салалардағы ынтымақтастық тәжірибесін, сондай-ақ, БҰҰ-ның Қазақстандағы қызметінің әртүрлі қырларын зерттеу. Сонымен бірге конференция барысында қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінің ең өзекті мәселелер талқыланды.

Конференция ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Арыстанбекова Ақмарал Хайдарызының бастамасымен және БҰҰ ҚР ҚАД Ақпараттық кеңсесінің басшысы Властимил Самектің қолдауымен өткізілді. Конференцияның салтанатты ашылу рәсімін халықаралық қатынастар факультетінің деканы, профессор К.Н. Шакиров құттықтау сөзімен бастап, қатысушыларға зор ілтипатын білдірді. Пленарлық мәжілісте ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Ақмарал Арыстанбекова, БҰҰ ҚР ҚАД Ақпараттық кеңсесінің басшысы Властимил Самек, ЖҚТБ/АҚТҚ жөніндегі Біріккен бағдарламасының үйлестірушісі Әлия Бақажанова, БҰҰ-ның Шығыс Еуропа мен Орталық Азия бағдарламасының аймақтық директоры Дамира Сартбаева, «Қызыл крест» пен «Қызыл жарты ай» қоғамдары халықаралық федерациясы, Орталық Азия жөніндегі аймақтық өкілдігінің кеңсе басшысы Әсел Тастанова, ҚР Ұлттық кітапханасы сыртқы байланыстар қызметінің жетекшісі М.Б.Суйенишева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы БҰҰ Орталығының директоры Альбина Сәлімбаевалар өзекті баяндамалар оқыды.

Секциялық мәжілістер «БҰҰ және Қазақстан Республикасы ынтымақтастығының тәжірибесі», «Халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері» атты негізгі екі бағытта жүргізілді. «Еуразиялық кеңістіктегі интеграцияның қазіргі үдерістері» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың PhD докторы, оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары Қ.С. Абдыхалықовтың, «БҰҰ-ның әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетінің институциональді дамуына және қалыптасуына үлесі» (М.В.Ломоносов ат. ММУ, РФ,ҚР), корреспондент мүшесі,Т.Рыскұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, экономика және басқару факультеті менеджмент кафедрасының э.ғ.д., профессоры Г.К.Қуатбаеваның, «БҰҰ-ның Конго Демократиялық Республикасындағы басып алу операцияларына бітімгершілік миссияларының мандаты» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың з.ғ.к.,доценті М.Ш.Құрманғалидың тақырыптары көптің көңілінен шықты.


Конференцияның ұйымдастырушылары: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы БҰҰ Орталығы, халықаралық қатынастар факультеті.