Спорт ойындарының намыс додасы ұйымдастарылды

17.05.2013

Көрулер: 2514

2013 жылдың 10 мамыр күні ЖОО дейінгі білім беру факультетінде шетел азаматтары арасында баскетбол ойынынан жарыс өткізілді. Ойын мамыр айындағы мерекелер құрметіне ұйымдастырылды. Ерекше ептілік пен жылдамдықты қажет ететін ойынға шетелдік студенттердің қызығушылығы жоғары екендігі байқалды.

Ойынға факультет тарапынан 4 команда іріктелініп алынып, Қытай, Оңтүстік Корея, Ауғанстан елінен келген шетелдік азаматтар мен шетелдік қазақ диаспорасының Қытайдан келген өкілдері қатысты. Қытай елінен келген қазақ жігіттері өздерінің командаларын қыран құстай алғырлықпен ойнап жеңіп шығайық деген ниетпен «Бүркіт» деп атауға ұйғарыпты. Ал қытайлық студенттер өз топтарына ат қоюда ұзақ ойланып, ақыры «Черная роза» деп атады, ауған елінен келген студенттер қай шараға қатысса да өз елдерінің туы мен намысын бірінші кезекте қоятыны осы уақытқа дейін-ақ бірнеше жерден көрініп жүрді. Өз топтарына ат қоюда да осы үрдістерінен жаңылмай өз топтарын «Ауғанстан» деп атады. Ойынға Оңтүстік Кореядан келген бірнеше студент қатыстырылды. Ойынға қатысушылар саны 5-ке жетпегендіктен олардың құрамын қытайлық студенттер толықтырды. Қытайлық студенттер мен корейлік студенттерден тұратын топты қатысушылар «Достық» тобы деп атауды қатысушылар бірден қолдады.

Ойын нәтижесінде І орынды «Бүркіт» командасы (ҚХР келген қазақ диаспорасының өкілдері), ІІ орынды «Черная роза» командасы (ҚХР-ның студенттері), ІІІ орынды «Ауғанстан» (АИР) командасы мен «Достық» (Оңтүстік Корея мен Қытай елінен келген студенттер құрама) командасы иеленді. Ерекше жылдамдықты қажет ететін, бұл күрделі ойында шетелдік қазақтардың ерлеп, жеңіс туын желбіретуі залда отырған жанкүйер қазақ жастарын бір көтеріп тастады. Шетелдік студенттерді олардың спортқа деген сүйіспеншілігі ерекше таңқалдырды.

ЖОО дейінгі білім беру факультеті