Балалар үйіндегі бір күн

15.05.2013

Көрулер: 1789

Философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының 3 курс дінтану және мәдениеттану мамандығының студенттері «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында факультеттер арасында «Жан жылуы» атты қайырымдылық акциясын өткізді.

Қайырымдылық іс-шараның мақсаты «Айналаңды нұрландыр» жобасын студенттерге түсіндіре отырып, қайырымдылыққа, мейірімділікке баулу. Осы жоба негізінде балалар үйіне киім-кешек, ойыншықтар, кітаптар, кеңсе құралдарын жинап Алматы қаласындағы «Жайлы жанұя» №1 балалар үйіне барды. Эдвайзерлер Мұханбет Әсем және Мұқан Нұрзат басшылығымен студенттер жетімдер үйіндегі балаларға сыйлықтарын беріп, олармен танысып, ойындар ұйымдастырды.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы