Жаңалықтар

Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмыт қалмайды

02.05.2013

Сәуір айының 29-шы жұлдызында физика-техникалық факультетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасының оқытушылары Ермағанбетова С.Д., Бөрібаева М.А., Мақсұтқанқызы А., Тұрсынбаева А.Е., Бергалиева С.А., Зульбухарова Э.М. мен белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен Соғыс ардагері Иванов Михаил Селиверстовичті Жеңіс күні мерекесімен құттықтап қайтты.

Ары қарай оқу >>

Шетелдік студенттер ағаш отырғызды

02.05.2013

ЖОО дейінгі білім беру факультетінде оқитын шетелдік студенттер жылдан жылға жанданып жұмыс істеп келе жатқан GREEN CAMPUS бастамасы аясында акция өткізді. Студенттер сабақта экологияның өзекті мәселелерін, қоршаған ортаның ластану себептерін, олардың алдын алу шараларын жиі талқылайды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенті жеңімпаз атанды

02.05.2013

2013 жылдың 27 сәуір күні Астана қаласында Конфуций Институты мен ҚХР Елшілігінің ұйымдастыруымен өткен Халықаралық «Қытай тілі көпірі» сайысының республикалық ақтық сынында қытайтану кафедрасының студенті 1 орын алды.

Ары қарай оқу >>

«Стамбул үдерісі бойынша министрлер кездесуі: қорытындылары мен болашағы» атты видеоконференцияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды

02.05.2013

2013 жылдың 26 сәуірінде Халықаралық қатынастар факультеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Орталық Азия бойынша әл-Фараби – Карнеги жобасы халықаралық бейбітшілік үшін Карнеги қорының қолдауымен «Стамбул үдерісі бойынша министрлер кездесуі: қорытындылары мен болашағы» атты видеоконференция өткізді.

Ары қарай оқу >>

Заңсыз алынған ақша мен терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру мәселелері дөңгелек үстелде талқыланады

30.04.2013

2 мамыр 2013 жыл сағат 11:00-де 410 аудиторияда (ГУК - 3) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы «Заңсыз жолмен алынған ақша қаражаттарын заңсыздандыру мен терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру» атты DEA (Drug Enforcement Admininistration) оқу тобының Орталық Азия аумағының нұсқаушылары мен арнайы агенттері John Moreman, Thomas Golden, Mattew Kregor, АҚШ әділет Департаментінің есірткінің заңсыз айналымын бақылау бойынша Алматы қалалық бөлімінің орындаушы атташесі Vadim Teper қатысуымен дөңгелек үстел өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«Тамғалы тас» фестиваліне ҚазҰУ-лық «ЖасТур» клубы қатысып қайтты

30.04.2013

Алғашқы халықаралық туристік «Тамғалы-Тас» фестивалі 26-28 сәуір аралығында Алматы облысы Іле өзені жағалауының жанындағы «Тамғалы-Тас» шатқалында өтті. Фестиваль ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «Табиғат» Экологиялық Одақ бастамасымен өткізіледі. Фестивальға дайындық жұмыстары мен өткізуді Алматы облысының әкімдігі қолға алды.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері «Алматының ТОП-100 үздік студенттері» жобасында электронды каталогының көп бөлігін құрап көшбасшы атанды

30.04.2013

Бұл жоба Алматы қаласы әкімшілік аппараты жастар саясаты мәселесі бойынша басқармасының қолдауымен қаңтар айында жүзеге асқан болатын. Байқаудың басты мақсаты белсенді, амбициялы, талантты студенттерді қолдау, жұмыс берушілер оларды таңдауға мүмкіндік беру болып табылады.

Ары қарай оқу >>

Студенттік ТурФирма көктемдік экскурсияларға шақырады

30.04.2013

Бірінші Студенттік ТурФирма көктемдік экскурсияларға шақырады: 1 мамыр – Шарын шатқалына экскурсия 3000 тг. 1 мамыр – Есік көліне экскурсия 2200 тг. 2 мамыр – Обсерваторияға экскурсия 1800 тг. 11-12 мамыр – Көлсай көлдері және Қайыңды көлі 8500 тг. Экскурсиялардың мақсаты: Алматы облысының табиғатымен танысу, студенттерді табиғатқа деген аяушылық сезімдеріне баулу, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Ары қарай оқу >>

Құрметті ұстаздар мен студенттер!

29.04.2013

30 cәуірде 2013 жылы сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетініңқылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының ұйымдастыруымен 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бір мемлекет, бір мәдениет, бір ұлт» мерекелік іс-шараға шақырады.

Ары қарай оқу >>

«Жер – біздің ортақ үйіміз» атты халықаралық ғылыми-студенттік конференция өтті

29.04.2013

2013 жылдың 24 сәуір күні ЖОО дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы мен Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен «Жер – біздің ортақ үйіміз» атты ХХVІІІ халықаралық ғылыми-студенттік конференция өтті.

Ары қарай оқу >>