Жаңалықтар

Жас оқытушы мектебі ашылады

29.10.2013

1 қарашада баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен «Жас оқытушы мектебінің» ашылу рәсімі мен «Жас оқытушыға 10 кеңес: кәсіби және педагогикалық ізденістер» әдістемелік семинары өтеді (сағ. 10:00, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті №230 профессор Т.Қожакеев атындағы акт залы).

Ары қарай оқу >>

"Сұңқар" кубогының жеңімпазы анықталды

29.10.2013

Қазан айының 26 жұлдызында «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 80 жылдығы мен «Сұңқар» студенттер кәсіподағының 15 жылдығы қарсаңына орай «Сұңқар» кубогына дәстүрлі футбол додасы өтті.

Ары қарай оқу >>

Хабарландыру!

29.10.2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы 2013 жылдың 30-ші қазанында «Мәдениет.kz» клубы мен мәдениеттану мамандығының 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен факультеттің 1 курс студенттеріне арналған «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті туралы ереже мен студенттің ар-намыс кодексі және оқу ғимаратындағы және жатақханадағы міндеттерімен таныстыру» атты ашық тәрбие сағатына шақырады.

Ары қарай оқу >>

Студентітк конференцияда қылмыстық іс жүргізу мәселелері қаралмақ

29.10.2013

1 қараша 2013 ж. (сағ. 10:00, 410 аудитория) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы «Қылмыстық құқықтың, қылмыстық іс жүргізудің және криминалистиканың өзекті мәселелері» тақырыбында жыл сайынғы жоғары оқу орындарының арасындағы студенттік конференция өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Оқытушылар мен студенттер назарына!

28.10.2013

1 қараша да саясаттану кафедрасы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған патриоттық әндер фестивалін өткізеді. Фестивальдің мақсаты - патриоттық сезімді тәрбиелеу және өз Отанын құрметтеп, мақтан тұтуға баулу.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың профессоры С.Сатыбалдин өз еңбектерін сыйға тартты

26.10.2013

Кітап – баға жетпес рухани қазына. Әрбір адамның өмірінде, тұлға болып қалыптасуында кітаптың атқарар рөлі ерекше. Осы орайда бүгін белгілі ғалым, экономика ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті профессоры Сағындық Сатыбалдин артқы ұрпаққа, жастарға, жалпы оқырман қауымға арнап өз еңбектерін сыйға тартты.

Ары қарай оқу >>

Журналистік білім беруді дамыту жолдары ҚазҰУ-да талқыланады

26.10.2013

2013 жылғы 31 қазан – 2 қараша аралығында Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Астанадағы Орталығы, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Мінбер» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қазақ тілді журналистік білім беруді жетілдіру және БАҚ-тың кәсіби мамандарының әлеуетін көтеру жөнінде «Қазақстанда журналистік білім беруді дамыту жолдары: жаңа медианың мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел және екі күндік семинар-тренинг өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Әл-Фараби және тұрақты даму идеясы» атты ғылыми студенттік семинар өтті

25.10.2013

ҚазҰУ-да шығыстың ұлы ойшылы, философ, энциклопедист Әбу Насыр әл-Фараби есімі берілген күніне (ҚазКСР МК №626-шы Қаулысы, 1991 жыл 23 қазан) байланысты дәстүрлі өткізілетін Фараби оқулары-Пәнаралық ғылыми-студенттік семинар өтті. Университет Музейі, философия және саясаттану факультетіндегі «Әл-Фараби мұраларын зерттеу орталығы», география және табиғатты пайдалану факультеті халықаралық энергоэкология кафедрасының қатысуымен және Алматы қаласы жастарды рухани-адамгершілік және патриоттыққа тәрбиелеу Комиссиясы, қалалық Ардагерлер кеңесінің тікелей қолдауымен дәстүрге айналған III Фараби оқулары, Пәнаралық ғылыми студенттік семинар университет Музейінде өткізілді.

Ары қарай оқу >>