ҚазҰУ-дың шетелдік студенттері Қазақстанмен танысты

29.10.2013

Көрулер: 2601

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде "Сәлем, Қазақстан" атты шетел студенттеріне арналған кураторлық ашық сабақ өткізілді.

Бұл мейрамға дайындық факультетіндегі барлық топтар мен профессорлар қауымы толық қатысты. Оқытушы Т.В. Құрманова студенттер алдында Қазақстан мемелекетінің орналасуы, көрші мемлекеттер, территориясы, астасы мен ірі қалалары жайлы мәлімет берді. «Все звезды» атты Қазақстан жайлы ән шырқалды. 15-топтың студенттері Сон Дэмин, Ким Хонсу, Чон Хусын, Ли Санга мен 14-топтың студенттері Қазақстан мемлекеті жайлы өз пікірлерімен бөлісті.