Журналистік білім беруді дамыту жолдары ҚазҰУ-да талқыланады

26.10.2013

Көрулер: 3708

2013 жылғы 31 қазан – 2 қараша аралығында Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Астанадағы Орталығы, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Мінбер» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қазақ тілді журналистік білім беруді жетілдіру және БАҚ-тың кәсіби мамандарының әлеуетін көтеру жөнінде «Қазақстанда журналистік білім беруді дамыту жолдары: жаңа медианың мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел және екі күндік семинар-тренинг өтеді.


Бұл 2010 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ және серіктестерінің академиялық білім беру мекемелері базасында медиаиндустрия өкілдерінің қатысуымен өткізіп келе жатқан маңызды шаралардың бірі.

Бұл шара қазақ тіліндегі оқу ресурстарына сұраныстың артуына байланысты ЮНЕСКО-ның журналистік білім беру моделін тәжірибеде пайдаланып жүрген институттар санын арттыруға үлес қосады деп күтілуде.

Оқу бағдарламасының моделі тұрақты даму, ақпаратқа қол жеткізу және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуы бойынша білім беру компонентінен құралған зертеу журналистиканы дамытуға бағытталған.

Дөңгелек үстел және екі күндік семинар-тренингке 15 жоғары оқу орындары мен 11 - өңірлік оқу орындарынан және баспасөз, телевидение, радио, онлайн журналистиканың кәсіби мамандары, БАҚ саласындағы үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысады.

Дөңгелек үстел 2013 жылғы 31 қазанда сағат 9.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің 230 аудиториясында басталады.

Журналистика факультеті