ҚазҰУ-дың профессоры С.Сатыбалдин өз еңбектерін сыйға тартты

26.10.2013

Көрулер: 2761

Кітап – баға жетпес рухани қазына. Әрбір адамның өмірінде, тұлға болып қалыптасуында кітаптың атқарар рөлі ерекше. Осы орайда бүгін белгілі ғалым, экономика ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті профессоры Сағындық Сатыбалдин артқы ұрпаққа, жастарға, жалпы оқырман қауымға арнап өз еңбектерін сыйға тартты.


Ғалымның ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейінгі экономикалық даму жолынан мол мағлұмат берер құнды еңбектерін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасы үлкен ризашылықпен қабылдап алды.

«Бұл – өнегелі іс. Сағындық Сатыбалдыұлы адал еңбегі, білімі мен мол тәжірибесі, ғылыми ізденісінің жемісі болып табылатын өте құнды кітаптарын оқырмандарға, тәлімгерлерге сыйға тартып отыр», – деді Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Баян Ермекбаева.

Ғалым 20 аталымнан тұратын 198 дана кітапты табыстады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі