"Сұңқар" кубогының жеңімпазы анықталды

29.10.2013

Көрулер: 2033

Қазан айының 26 жұлдызында «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 80 жылдығы мен «Сұңқар» студенттер кәсіподағының 15 жылдығы қарсаңына орай «Сұңқар» кубогына дәстүрлі футбол додасы өтті.

Университетіміздегі «Салауатты дене мәдениеті» атты ауқымды жобаның аясында ұйымдастырылған дәстүрлі дода ҚазҰУ спорт кешенінің футбол алаңдарында орын алды. «Сұңқар» кубогының иегері атануға үміткер 13 факультет пен 6 студенттік ұйымдардан құралған футбол командалары қатысты. Әр ойын 10 минутқа созылған 2 таймнан өткен болатын. Студенттік ұйымдардан құралған футбол командалары арасындағы ойын нәтижесінде III орынды Құқықтық тәртіп сақтау жасағы, II орынды Студенттер сенатынан құралған команда иелен ді. Ал, бас жүлде «Сұңқар» кубогын СББП құрама командасы қанжығасына байлады. Факультеттер арасында қарсыластарын озып шыққан Журналистика факультетінің құрама командасы қола жүлдесінің иегері, Химия және химиялық технология факультетінің тобы жарыстың күміс жүлдегері атанды, ал Экономика және бизнес жоғары мектебінің құрама командасы барлық қарсыластарынан алға шығып, бас жүлде «Сұңқар» кубогын иеленді. Жарыс жеңімпаздарымен барлық қатысушы командалар арнайы мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапаталды. Негізгі жүлдеден басқа, ойын барысында өзін ерекше көрсеткен жеке ойыншылар арнайы номинацияларды иеленді. Атап айтсақ, «Ең үздік бомбардир» номинациясы бойынша Мұсаев С. (Экономика және бизнес жоғары мектебі), «Ең үздік ойыншы» номинациясы бойынша Тұрабеков Б. (Экономика және бизнес жоғары мектебі), «Ең үздік қақпашы» номинациясы бойынша Нұрмашев Б. (Журналистика факультеті), «Ең үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Жұмахметов А. (Химия және химиялық технология факультеті) марапатталды. Сонымен қатар, салтанатты марапаттауда ойынға ерекше дайындықпен келіп, өз командаларына қолдау көрсеткен Химия және химиялық технология факультеті мен Студенттер сенатының жанкүйерлері «Ең үздік жанкүйер» номинациясынмен марапатталды.