Хабарландыру!

29.10.2013

Көрулер: 2226

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы 2013 жылдың 30-ші қазанында «Мәдениет.kz» клубы мен мәдениеттану мамандығының 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен факультеттің 1 курс студенттеріне арналған «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті туралы ереже мен студенттің ар-намыс кодексі және оқу ғимаратындағы және жатақханадағы міндеттерімен таныстыру» атты ашық тәрбие сағатына шақырады.

Бұл тәрбие сағатының негізгі мақсаты ҚазҰУ студенттерін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын құрметтеуге, университеттің дәстүрлері мен ережелерін бұлжытпай сақтауға, университет мүддесіне қайшы келетін іс-әрекеттер жасамауға үгіттеу. Өтетін орны халықаралық қатынастар факультеті, сағат 15:15.