Жаңалықтар

«Экономиканың инновациялық даму негіздері ретінде ғылым, білім беру және бизнес интеграциясы» атты 45-ші Ғылыми-әдiстемелiк конференциясы өтеді

20.01.2015

2015 жылдың 23-24 қаңтарында сағ. 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Экономиканың инновациялық даму негіздері ретінде ғылым,білімберу және бизнес интеграциясы» атты 45-ші Ғылыми-әдiстемелiк конференциясы өтеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да қазіргі әдебиеттанудың мәселелері бойынша конференция мен дөңгелек үстел өтеді

17.01.2015

Қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы сіздерді 2015 жылы 20 ақпан, сағат 11.00-де, 320-дәрісханада «Қазіргі әдебиеттанудың жаңа бағыттары» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІІ республикалық ғылыми-практикалық конференциясы мен «Қазіргі сынтану мәселелері» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ Әлем университеттері консорциумына (WUC) мүше болды

16.01.2015

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Әлем университеттері консорциумының (WUC) толыққанды мүшесіне айналды. Еліміздің білім беру саласының мойындалған көшбасшысы өзінің жоғары беделі мен халықаралық талаптарға сай дәрежесін тағы бір дәлелдеді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студентінің алғашқы жыр-жинағы

15.01.2015

«Сұңқар» студенттер кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Асыл кітап» баспасынан филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 4 курс студенті, Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы - «Жас ақындар» үйірмесінің жетекшісі, жас ақын Марғұлан Ақанның «Көктоғайдан көшкен бұлт» атты алғашқы студенттік өлеңдер жинағы жарық көрді.

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз!

15.01.2015

ҚазҰУ-дың профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымының докторы, Қостанай қаласының құрметті азаматы Сағындық Сатыбалдин «Қостанай таңы» газетінің 2014 жылғы қорытындысы бойынша лауреаты атанды.

Ары қарай оқу >>

«Дінтану негіздері» атты біліктілікті арттыру курсы өтті

13.01.2015

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасы, Дінтанулық зерттеулер және экспертиза орталығы және Біліктілікті арттыру институты Алматы орта мектептері оқытушыларына «Дінтану негіздері» атты біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Т.Тәжібаев оқулары өтеді

12.01.2015

2015 жылдың 24 ақпанда жыл сайын өтетін Т.Тәжібаев оқулары аясында және жалпы және этникалық педагогика кафедрасының 75 жылдығына орай «Төлеген Тәжібаев және заманауи педагогикалық ғылым» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Ары қарай оқу >>

ІІ Халықаралық журналистика және коммуникация Қысқы мектебі

08.01.2015

2015 жыл 6-8 ақпан аралығында БҰҰ 70-жылдығына арналған «Болашақтың Медиасы: Ньюсономика. Үрдістер. Жаңалықтар» ІІ Халықаралық Журналистика және Коммуникация Қысқы мектебі Алматы облысы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық саябағындағы «Тау-Тұран» Білім беру-сауықтыру кешенінде өтеді.

Ары қарай оқу >>

Михаил Қасымұлы Наурызбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының «Құрметті Академигі» болып сайланды

06.01.2015

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Физика-химиялық талдау және зерттеу әдістерінің орталығы» (ФХТЗӘО) директоры, т.ғ.д., профессор Михаил Қасымұлы Наурызбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының «Құрметті Академигі» болып сайланды.

Ары қарай оқу >>

Құрметті әріптестер, оқытушылар мен студенттер!

31.12.2014

Баршаңызды келе жатқан жаңа 2015 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің жетекші университеті – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген 2014 жыл айтулы оқиғалар мен жарқын сәттерге толы болды. Қасиетті Жылқы жылы тарихи күнтізбемізде мерейтойлық сән-салтанатымен ерекшеленгені сөзсіз. Бұл жылдың шымылдығы ұлы ойшыл әл-Фараби бабамыздың өнегелі қала ұғымын негіз ететін «Al-farabi university smart city» ғылыми-инновациялық жобасымен ашылды. Қаңтар айында ҚазҰУ-ға БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» бағдарламасының жаһандық хабын басқару сеніп тапсырылды.

Ары қарай оқу >>