Досжан Балабекұлының ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай "Қыр гүліндей жайнаған ҚазҰУ қызғалдақтары" атты фотожинағының тұсаукесері өтті
25-жел-14ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде "Сұңқар" студенттер кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің қолдауымен баспа ісі және дизайн кафедрасының 4 курс студенті, "Фотоөнер" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Досжан Балабекұлының ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай "Қыр гүліндей жайнаған ҚазҰУ қызғалдақтары" атты - фотожинағының тұсаукесері өтті. Кадрға іліккен сексен сұлу университеттің ең білімді, ең ақылды әрі парасатты да ибалы қыздары және олар алғашқы фотожинаққа жарияланып отырған имидждік келбет. Бұл Досжанның фотоөнер саласындағы алғашқы еңбегі. Жас журналистің фотография саласына деген сүйіспеншілігі мен университетіне деген өзіндік үлесі сезілетін фотожинақ авторлық бояуы мен бабын көрсетеді. Сайып келгенде бұл, университет көлемінде алғашқылардың бірі болып бакалавриат студенті шығарып отырған фотожинақ.