«Дінтану негіздері» атты біліктілікті арттыру курсы өтті

13.01.2015

Көрулер: 3681

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасы, Дінтанулық зерттеулер және экспертиза орталығы және Біліктілікті арттыру институты Алматы орта мектептері оқытушыларына «Дінтану негіздері» атты біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы профессорлары «Қазақстандағы діндер», «Жаңа діни ағымдар», «Қазіргі конфессияаралық жағдай», «Қазақстандағы ислам мәдениеті» және т.б. өзекті тақырыптарда дәрістер оқыды. «Дінтану негіздері» біліктілікті арттыру курсы қатысушыларына Қазақстан ҰҒА корреспондент мүшесі, философия ғылымдарының докторы, академик, «Дінтану негіздері» курсының авторы Ғарифолла Есім табыстады. Академик елімізде дінтану курсын мектептерде оқытудың өзектілігі бойынша баяндама жасап, мұғалімдердің көптеген көкейкесті сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар курс тыңдаушылар алғыстарын, тілектерін білдірді. Солардың бірі №95 мектеп директоры Ольга Локтионова курстың орынды уақытында өткізіліп, дінтану негіздері бойынша оқытушыға қажетті ақпарат алғандығы туралы алғысын білдіріп, ұсыныстарын жасады.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы