Климаттың өзгеруімен күрес шаралары
28.04.2023
Көрулер: 627
13-мақсат: Климаттың өзгеруімен күресу шаралары – Біріккен Ұлттар Ұйымы 2030 жылға дейінгі кезеңге белгілеген тұрақты дамудың 17 мақсатының бірі. Толық атауы: Климаттың өзгеруімен және оның салдарымен күресу үшін шұғыл шараларды қабылдау.
18 топ тыңдаушылары «Қазақстан тарихы» пәні барысында аталмыш тақырыпты талқылап, өздерінің ұсыныстарын ортаға салды. Мәселені талдап, қорытынды нәтижелерімен бөлісті. Олар –
- Ауыз суды, энергияны үнемді пайдалану
- Қоқысты қайта өңдеу
- Өнеркәсіп орындары жасыл энергияны қолдануға көшу
- Неғұрлым көп ағаш егу
- Пластик бұйымдарынан бас тарту