ҚазҰУ Түркияға материалдық және гуманитарлық көмек көрсетті
13.02.2023Аштықты жою – Тұрақты даму мақсаты аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарға белсенді көмек көрсетті.
Табиғи апат орын алған сәтте оқу орнының оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері бір күндік жалақысын аударды.
Білім ордасында Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың бастамасымен жиналған қаражат 40 млн теңгені құрады. Жәрдем қабылдау пунктінде еріктілер қолдауымен 20 киіз үй, көрпе-жастық, қалың төсеніштер және ересектер мен балалар киімдері жиналды