ҚАЗАҚ ФОТОӨНЕРІНІҢ ШЕЖІРЕСІ / "Айқын" газеті
18.03.2018Шарада Журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы: «Ақыл кіргеннен бастап өзінің көргенін, білгенін тасқа таңбалау арқылы кейінгі ұрпаққа қалдыруды мұрат еткен фотошеберлердің еңбегі ұшан-теңіз. Әрқайсымыздың қолымызда мүмкіндік бар бүгінгі кезде фотоөнер тіпті қиындаған секілді болып тұрады. Бірақ оны кәсіби шеберлікпен көріп, оны бағалау, қажетті сәттерді қалт жібермей, түсіріп алу және оны миллиондардың мүлкіне айналдыру – екінің бірінің қолынан келе бермейді.