Ғылым

 

Факультеттің ғылыми қызметінің негізгі бағыттары Журналистика, Халықаралық журналистика, Онлайн журналистика, Қоғаммен байланыс, Баспа ісі және дизайн салаларының өзекті мәселелерін зерттеуге бағытталған. Негізгі ғылыми зерттеу жұмыстары мемлекеттік бағдарламалар мен ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа ала отырып жүргізіледі.

Факультетте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңесі шешімі негізінде құрылған үш ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыс жасайды.

1)  Бұқаралық Коммуникация және медиа ғылыми-зерттеуорталығы. Орталық директоры көрнекті ғалым, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Ибраева Ғалия Жүнісқызы. 

2) «Медиасфера» гуманитарлық ғылыми-зерттеу орталығы.Орталық директоры саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, Сұлтанбаева Гүлмира Серікбайқызы.

3) KONICA MINOLTA KMLAB оқу-зерттеу лабораториясы. Лаборатория директоры саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, Сұлтанбаева Гүлмира Серікбайқызы - әл  - Фараби атындағы ҚазҰУ

 

Сонымен қатар, факультеттің жекелеген профессор-оқытушылары ҚР және ҒМ-нің қаржыландыру мен іргелі ғылыми жобалармен жұмыс жасайды.

Жалпы, факультеттің профессор-оқытушылық құрамының негізгі зерттеу қызметі төмендегідей бағыттарды қамтиды:

Жоспарлы және жеке тақырыптарға арналған іргелі ғылыми және қолданбалы тақырыптар;

Факультет деңгейінде ғылыми конференциялар ұйымдасытру және университет деңгейіндегі, алыс-жақын шетелдердегі конференциялар жұмысына қатысу;

Республика жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен, алыс-жақын шетелдік ғылыми орталықтармен байланыстар орнату;

Мемлекеттік гранттар мен мемлекеттік қаржыландырулардағы бағдарламалық-мақсатты бағдарламаларға қатысу;

Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтармен ғылыми байланысты арттыру;

Қолға алынған ғылыми жобалардың сапасын арттыру, Thompson Reuters және Scopus базасына енген жоғары рейтингті журналдарда ғылыми мақалалар жариялау.