«Хабар» Агенттігінің кәсіби мамандары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шеберлік сабақтарын өткізді

05.03.2018

Көрулер: 847

Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрайымының орынбасары:

- Басты мақсат – ұрпақтар сабақтастығын сақтай отырып, жинаған тәжірибемізбен бүгінгі практикада қолданып жүрген кәсіби дүниелерімізбен жас студенттерге ақыл кеңес айту бөлісу. «Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінен жыл сайын 150-ге жуық жоғары білімді жас түлеп ұшады. Сондықтан болашақ мамандарға мұндай тәжірибенің берері көп», – дейді ұстаздар.

Сағатбек Медеубекұлы, ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы:

- Заманауи технологияның ауысуына байланысты уақыт талабына қарай кәсіптің басында жүрген мамандардың келіп, нақты уақыттың адымымен бірге болып жатқан өзгерістерді кәсіби шеберлікті үйретуі тіпті пайдалы болады.

Толықырақ:  http://khabar.kz/kz/zekti/item/103492-khabar-agenttigini-k-sibi-mamandary-l-farabi-atynda-y-az-u-da-sheberlik-saba-taryn-tkizdi