Факультет туралы

 

ФАКУЛЬТЕТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

         Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті – Қазақстандағы журналистер дайындайтын қарашаңырақ оқу ордасы. Бүгінде факультетіміздің түлектері елімізде жоғары лауазымды қызметтер атқарып жүр. Факультетті бітірген түлектер республикалық, облыстық, аудандық мерзімді баспасөздерде, радиода, теледидарда, отандық және шетелдік баспаларда, Үкімет салаларында қызмет етуде. Солардың қатарында Қ.Сұлтанов, М. Құл-Мұхаммед, С. Абдрахманов, Е. Бекхожин, Ж. Кенжалин, т.б. сынды бүгінде ірі тұлғаларға айналып үлгерген азаматтарды мақтанышпен айта аламыз. Журналистика факультетінде білікті профессор-оқытушылар құрамы қызмет атқарып келеді. Факультетте жоғары сапалы оқытушылар, белгілі ғалымдар мен БАҚ-тың тәжірибелі журналистері дәріс береді. Олардың ішінде 9 ғылым докторы, 30 ғылым кандидаттары бар.