Зертханалар мен орталықтар

«KONICA MINOLTA» Kmlab озат технологиясының оқу- зерттеу зертханасы базасының негізінде MPLUS & COMPASS білім беру бағдарламасының тыңдаушыларынның тұңғыш түлектерін мадақтау салтанаты

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласы, 19 мамыр 2015 ж.

19 мамыр 2015 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «KONICA MINOLTA» Kmlab озат технологиясының оқу зерттеу зертханасы базасының негізінде MPLUS & COMPASS білім беру бағдарламасының тыңдаушыларынның тұңғыш түлектерін мадақтау салтанаты өтеді. Мадақтау рәсіміне Университет басшылығы, Алматы қаласы бойынша трансұлттық корпорация «KONICA MINOLTA» (Жапония) Аймақтық бизнес- офисінің кеңесшілері, студенттер, магистранттар, журналистика факультетінің оқытушылары мен БАҚ өкілдері қатысады.

Өтетін шара бағдарламасында: Баспасөз-конференция; Студенттердің үздік бизнес-жобалардың тұсау кесері; MPLUS & COMPASS Білім беру бағдарламасының түлектеріне дипломдар мен сертификаттар табыс етіледі; фуршет.

«Konica Minolta» - әлем бойынша суреттің көшірмелерін жасайтын, факс аппараттарын, лазерлі принтерлерді, медициналық фотожабдықтар, оптикалық компонеттер мен өлшеу құрылғыларын өндіретін жапондық танымал холдинг.

«Konica Minolta» Компаниясының негізгі бағыты бизнес-технологиялар болып табылады. Суретті түсіруді дамыту барысында көшбасшы болып келе жатқан «Konica Minolta» құжаттарды басқару мен білім беру салаларындағы мекемелерде бизнес- шешімдер мен толық қанды басылымдардың сәйкестігіне ерекше назар аударады.

«Konica Minolta» (қысқартып алғанда – «KMLab») Озат технологиялар оқу- зерттеу зертханасы 2013 жылдың маусым айында ҚазҰУ журналистика факультетінде ашылған болатын.

«KMLab» оқу сабақтары ағылшын тілінде жүргізіледі; тыңдаушылар толық қанды басып шығару технологиясы жайлы жоғары білім ала отырып, IT-саласы мен басып шығарудың тәжірибесін үйренеді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғ.М.Мұтановтың айтуынша «Мұндай келісімге қол қою және заманауи зертханалаардың ашылуы Елбасымыздың «Қазақстан-2050 Стратегиясы» Жолдауындағы алға қойған мақсаттарын іске асыру болып табылады. Бұл- жаңа технологияларды оқу бағдарламасына енгізу, өндірістік тәжірибені бекіту, ғылым мен бизнесті сәйкестендіру, оқу бағдарламасына жүмыс берушілерді тарту»

Оқу барысында тыңдаушылар, оның ішінде бакалавр мен магистранттар мынандай курстармен танысты: «Озат технологиялардың Академиялық мотивациясы трансұлттық компания КМ: кейс сатысы KMlab», « Konica Minolta тұсаукесеріне», «Ақпараттық технологиялардың дамуы (IT) және оның адам өміріне ықпалы», «MPLUS & COMPASS

(Konica Minolta модульдік жүйесінің үздіксіз білім беру)», «МФУ (көпфункционалды құрылғы)», «CRD (Басып шығарудың корпоративті бөлімі)» және т.б шеберлік сыныптырына қатысты.

Керемет шараны жарыққа шығаруды ұмытпаңыздыр!

Болашақ – инновацияда!

Өткізілетін орын: әл-Фараби даңғылы, 71. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Журналистика факультеті, Ауд. № 201а - Студенттік баспасөз-қызметі. № 219 – Kmlab. Басталуы: 11.00 сағ.

Байланыс: мең. Kmlab - Гулмира Серікбайкызы Сұлтанбаева,

саяси ғылымдарының докторы, профессор, Баспасөз және Электоронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі

тел:7(727)2211492; +77011527488