Жаңалықтар

Алматы қаласының сәулет ескерткіштері

08.11.2022

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында ұзақ жылдар бойы студенттердің қызығушылықтарына байланысты клубтар белсенді тәрбие жұмысын жүргізіп келеді. "Саяхат" өлкетану клубы - "Алматы қаласының сәулет ескерткіштері" атты кезекті экскурсия өткізді. Клуб отырысында оқытушылар Алматы тарихының негізгі кезеңдерімен таныстырды. Экскурсия барысында студенттер біздің әдемі қаламыздың тарихи орталығын тамашалады.

Ары қарай оқу >>

25 қазан - Республика күні

24.10.2022

2022 жылғы 18-24 қазан аралығында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары Қазақстан Республикасы күніне арналған тәрбие іс-шараларын өткізді. Іс-шаралар оқыту тіліне байланысты қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.

Іс-шараларды барлық оқу топтарының куратор-эдвайзерлері, сондай-ақ "Саяхат" өлкетану клубы мен "Қазақстантану" танымдық клубының жетекшілері өткізді. Іс-шаралар барысында шетелдік студенттер еліміздің жаңа тарихы, сондай-ақ қазіргі Қазақстан туралы ақпарат алды. Оқытушылар жиналыс барысында туындаған барлық сұрақтарға жауап берді.

Ары қарай оқу >>

Алтын күз

22.10.2022

22 қазан күні шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары мен студенттері университет ұйымдастырған "Алтын күз" жәрмеңкесіне белсенді қатысты.  Іс-шара шетелдік тыңдаушыларға университет кампусымен, сондай-ақ Қазақстан мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Ары қарай оқу >>

Алматы тарихы мұражайына саяхат

10.10.2022

жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары Г.Ә.Машинбаева, М.П.Ешимов, Р.И.Дүйсенбаева қазақ тілін оқитын студенттермен Алматы тарихы мұражайына саяхат ұйымдастырды. Ашық кураторлық шараның мақсаты шетелдіктерді Алматы қаласының тарихымен таныстыру болды. Шетелдік студенттер Алматы қаласының тарихы, мен бүгіні туралы мәліметтер алды.

Ары қарай оқу >>

Қытай Халық Республикасының құрылған күніне арналған іс-шара

26.09.2022

2022 жылдың 26 қыркүйегінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының кураторлары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Конфуций Институты ұйымдастырған 1 қазанда атап өтілетін Қытай Халық Республикасының құрылған күніне арналған іс-шараға қатысты. Кездесуге орыс тілін оқып жатқан Қытай студенттерімен бірге жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті деканының орынбасары Келдебеков Қанат Каракулович қатысты. Қонақтар назарына қызықты концерттік және ақпараттық бағдарлама ұсынылды. Шетелдіктерді тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының Қазақстандағы қытай тілі мамандарын даярлаудың флагманы болып табылатын Конфуций Институтымен ұзақ уақыт жемісті байланысы бар екенін атап өту қажет.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан халықының тілдері күніне арналған кураторлық сағаттар

05.09.2022

2022 жылдың 5 қыркүйк күні шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының куратор-эдвайзерлері Қазақстан халықының тілдері күніне арналған кураторлық сағаттар өткізді. Шетелдік тыңдаушылар кафедрада қазақ және орыс тілдерін меңгереді. Аудиторияның тілді меңгеру деңгейін ескере отырып, оқытушылар презентациялар, хабарламалар дайындады. Шетелдік студенттердің назары ағартушы, лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын, аудармашы, қоғам және саяси қайраткер Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстан халықтарының тілдері күні атап өтілетін, сондай-ақ көпұлтты Қазақстанда тілдердің қалай дамып келе жатқаны туралы айтылды.

Ары қарай оқу >>

Президент Қ-Ж.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау

05.09.2022

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары кезектен тыс отырыста Президент Қ-Ж.К.Тоқаевтың 1 қыркүйекте Парламенттің жоғарғы және төменгі палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Кафедра мүшелері мемлекет басшысы ұсынған идеяларды талдап, қазақ және орыс тілдерінде хабарламалар әзірленді. Кафедраның оқытушы- профессорлық құрамы бағдарламалық мәтінді талқылауға үлкен ықыласпен және қызығушылықпен қатысты. Кафедра ұжымы Қ.Қ.Тоқаевтың курсына бірауыздан қолдау білдірді.

Ары қарай оқу >>

NSLI-Y бағдарламасымен өткен жазғы курстар

25.08.2022

2022 жылдың жазында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне АҚШ Мемлекеттік департаментінің "жастарға арналған тілдік бастама" (National Security Language Initiative for Youth - NSLI-Y) Жастар бағдарламасы аясында американдық оқушылар тілдік курстан өтуге келді. Жас американдықтардың келу мақсаты - орыс тілін білу дағдыларын жетілдіру және дамыту. Сонымен қатар, NSLI-Y бағдарламасы қабылдаушы елмен танысуды және мәдениетке, сондай-ақ оқу елінің күнделікті өміріне енуді қамтиды.

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары АҚШ-тан келген жастарды жылы қарсы алды. Қазақ ұлттық университетінен бағдарламаның жетекшісі филология ғылымдарының докторы Мұсабекова Ұлжан Есенқызы болып табылады. Ұйымдастырушылар қазақстандық тараптан Алматыға келген жоғары сынып оқушыларының назарына тілді меңгеру деңгейіне байланысты сөйлеу қызметінің барлық түрлері бойынша дағдылар мен біліктерді дамытуды, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік астанасы мен оның төңірегіндегі мәдени, тарихи, табиғи көрікті жерлерге саяхат жасау жоспраланған орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың бағдарламасын ұсынды. Ұйымдастырушылар, әсіресе оқытушы Курманова Таисия Витальевна, дайындаған мазмұнды экскурсиялық бағдарлама жергілікті тұрғындармен белсенді қарым-қатынас жасауға, қазақ ұлттық тағамдарымен, қазақтың ұлттық ойындарынмен таныстырып, тіпті атқа мінуден шеберлік сабағын алуға мүмкіндік берді... Бұл іс-шаралар қонақтарымызға Алматы қаласымен танысуға, жергілікті халықтың мәдениеті мен ділі туралы білуге мүмкіндік берді.

Ары қарай оқу >>

Шетелдік студенттермен дөңгелек үстел өткізілді

27.01.2022

Соңғы 2 жыл ішінде бүкіл әлем пандемиядан зардап шегуде. Бірақ, осыған қарамастан, шетелдік студенттер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында орыс және қазақ тілдерін үйренуді жалғастыруда.

Сабақтарда оқытушылар тек тілдерді оқытып қана қоймай, Қазақстанның мәдениеті мен тарихы туралы көбірек айтып беруге тырысады. Студенттер қазақстандық ғалымдар, ғарышкерлер, ақындар, жазушылар, музыканттар туралы мағлұмат алады. 2022 жылдың 27 қаңтарында кафедра кураторлары "Өз елін дәріптейтін жас данышпандар" деп аталатын онлайн режимінде дөңгелек үстел дайындап, өткізді. Бұл іс-шарада слайд-шоудың көмегімен кураторлар Қазақстанның жас дарындары туралы, ал Түркиядан келген шетелдік студенттер өз Отанының дарынды балалары туралы әңгімеледі.

Ары қарай оқу >>

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ашық есік күні

10.12.2021

Дәстүр бойынша желтоқсан айының басында ЖОО дейіні білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасында "Тілдер және мәдениеттер фестивалі" аясында Ашық есік күні өтті. Бұл халықаралық деңгейдегі тәрбиелік іс-шара. Биыл іс-шара Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды және онлайн форматта өткізілді. Кафедра студенттері мен оқытушыларынан басқа ресми қонақтар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әпсеметова Еркежан Әжібайқызы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің интернационалдандыру және рекрутинг кеңесінің директоры Арслан Мехмет, Алматыдағы Қытай Халық Республикасы Бас консулдығының ғылым, техника және білім консулы Чжан Вэй, Жапонияның Цукуба университетінің өкілі (Цукуба қ.) Такеши Ниномия қатысты. Мәскеу лингвистикалық университетінің оқушысынан қазақ тілінде жылы лебізін білдірді. Қазір кафедрада білім алып жатқан студенттер өлең оқып, ән айтып, өз өнерлерін көрсетті.

Ары қарай оқу >>