Студенттік өмір

     Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы әлемнің түрлі елдерінен келген тыңдаушыларды оқыту бойынша зор тәжірибеге ие. Оқытушылардың міндеті шетелдіктерге сапалы білім беру ғана емес, сонымен қатар Қазақстан туралы оң көзқарас қалыптастыру. Шетел студенттерімен тәрбие жұмысын жүргізудің ерекшелігі, бір жағынан, ол Қазақстан азаматтары саналатын студенттермен тәрбие жұмысы мақсаттарымен ұқсас. Екінші жағынан, шетел студенттерімен тәрбие жұмысын жүргізу әдістері түбегейлі ерекшеленеді деп айтуға болады. Тілді үйрену сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін, тарихын, менталитетін түсінуді көздейді.

     Бұл жерде Қазақстан Республикасы ұғымымен байланысты барлық нәрселерді құрметтеуді дұрыс қалыптастыруда оқытушының рөлі зор болып табылады. Тек университеттің ғана емес, бүкіл елдің де оң имиджін қалыптастыруға жауапкершілік біздің кафедра оқытушыларының мойнына жүктеледі. Осы бағытта тәрбие жұмысы үнемі жүргізіледі. Бұл куратор-эдвайзерлердің өзара сыйластық, достық, интернационализм, діни төзімділік, төзімділік атмосферасын құру бойынша күнделікті тынымсыз еңбегі.

      Факультетте өткізілетін көптеген іс-шаралар уақыт сынағынан өтті. Жаңа жыл қарсаңында өткізілетін кафедраның ашық есік күні аясында «Кел, танысайық!» атты фестиваль-концертте тыңдаушылар өздерінің тілдік білімдерін алғашқы рет көрсете алады. Наурыз мерекесі «Ұлттық тағамдар фестивалін» өткізумен атап өтіледі, онда шетелдіктер әртүрлі халықтардың аспаздық өнерінің ерекшеліктерімен танысады. Шетелдік тыңдаушылар «Фараби әлемі» конференциясына қатысып, оқытушылардың жетекшілігімен оқу тілінде жазылған елтанушылық, ғылыми баяндамаларды ұсынады. Ал біздің студенттер спорттық шараларға қандай ықыласпен қатысады!

     Кураторлық сағаттар мен жиналыстардың тақырып ерекшеліктерін ерекше атап өтуімізге болады. Ол қазіргі Қазақстан өмірін, оның жаңа тарихын таныстыруға, түсінуге бағытталған. Олардың ең негізгілері «Шетел азаматтарының ҚР-да болу ережелері», «Студенттің құқықтары мен міндеттері: ҚазҰУ студентінің ар-намыс кодексі», «жатақханада тұру ережелері», «ҚР Мемлекеттік рәміздері», «Астана – Тәуелсіз Қазақстанның астанасы», «ҚР-да атап өтілетін мерекелер» және т.б.

     Факультетте тәрбие жұмысының табысты жүргізілуіне шетел азаматтарының тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары басшылығымен әртүрлі қызығушылықтар бойынша құрылған клубтар үлкен демеу. Бүгінгі күні кафедрадағы олардың саны – 12. Тағы бір айта кетерлік жайт – мұражай, онда кафедра өмірінің әр кезеңіндегі фотосуреттер мен басқа да экспонаттар жинақталған. Ақ қара фотосуреттерді, студенттердің хаттарын, кәдесыйлар және басқа да экспонаттарды қарастыра отырып, тыңдаушылар факультет пен университет тарихынан сусындайды, олар «Пікір журналын» толтырып, дәстүрлі ұлттық кәдесыйларды тапсырып, факультетіміздің мұражайы қорының толығуына өз үлестерін қосуға тырысады.

      Тәлімгерлер үшін шетел азаматын университет қабырғасында болған алғашқы күннен бастап факультеттің қоғамдық өміріне қызықтыру оңай емес. Шетелдіктерді концерттерге, спорттық жарыстарға, фестивальдарға қатысуға мәжбүрлеу дұрыс болмайтыны түсінікті. Тыңдаушылар тарапынан оқытушыға деген оң көзқарас оның беделі тиісті деңгейде болса ғана қалыптасуы мүмкін.

     Кафедра оқытушылары шетелдік тыңдаушылармен тәрбие жұмысының қызықты түрлері мен әдістерін өткізу бағытында үнемі ізденісте болады.

 

Клубтар мен үйірмелер

Клуб атауы

Жетекшілері

Телефон нөмірі

Эл.пошта

Жұмыс бағыты

Құрылған жылы

1

«Мельпомена» театр клубы

Игнатова Е.Р.

Толмачева Д.С.

Ахмедова А.К.

 

+7 701 496 80 05

ygnatova.elena@gmail.com

Театр бағыты

2010

2

«Көңілді әндер» музыкалық клубы

Ешимов М.П.

+7 701 356 88 49

 

adai75@mail.ru

 

Музыка бағыты

2010

3

«Саяхат» өлкетану клубы

Курманова Т.В., Азнабакиева М.А.

+7 701 783 11 26

+7 707 825 88 33

kurmanova.taisiya@gmail.com

m.aznabakiyeva@gmail.com

Танымдық

2010

4

Мәдени аралық қарым-қатынас клубы «Тілмен таным»

Дуйсенбаева Р.И.

+7 702 730 90 69

raihan-kz@mail.ru

Мәдениетаралық қарым-қатынас

2010

5

«Здоровье» денсаулық клубы

Машинбаева Г.А.

 

+7 775 973 90 56

 

gulnaznuki@mail.ru

 

Спорттық

2010

6

Киноклуб «Пойдём в кино!»

Айтпаева А.С.

+7 701 760 03 31

 

asaitpay@mail.ru

 

Киноклуб

2010

7

«Глобус» мәдениетаралық қарым-қатынас клубы

Казмагамбетова А.С.

 

+7 701 429 79 31

 

alma_kaz70@mail.ru

 

Мәдениетаралық қарым-қатынас

2017

 

8

«Казахстановедение» танымдық клубы

Мусабекова У.Е.

Курманова Т.В.

+7 701 760 00 86

+7 701 783 11 26

u.mussabekova@mail.ru 

kurmanova.taisiya@gmail.com

Танымдық

2017