Жаңалықтар

Төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет

11.02.2023

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының куратор-эдвайзерлері 2023 жылғы 6-11 ақпан аралығында шетелдік студенттермен тәрбие іс-шараларын өткізді. Кураторлық сағаттардың тақырыбы Түркиядағы бірқатар жер сілкіністерінен кейінгі жағдайға байланысты болды. Оқытушылар студенттермен табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезіндегі іс-әрекеттің негізгі ережелерін еске салды.

Ары қарай оқу >>

Театрға саяхат

03.02.2023

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары өз студенттерімен тәрбие жұмысын белсенді жүргізеді. Қазақ тілін оқитын шетелдік студенттер куратор-эдвайзерлерімен бірге Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында "Жусан иісі" спектаклін тамашалады.

Ары қарай оқу >>

Шымбұлақта

29.01.2023

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының куратор-эдвайзерлері өз студенттеріне үнемі экскурсиялар ұйымдастырады. Қыс күндері қазақ тілі оқытушысы Гүлбағиза Абласымқызы Мұсаева Шымбұлақ тау шаңғысы базасына экскурсия өткізді. Шетелдік студенттер біздің қаламыздың ең танымал көрікті жерін қуана тамашалады!

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ 49-шы Спартакиадасы

26.01.2023

Қысқы демалыс кезінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кәсіподақ комитеті ЖОО-ның педагогикалық және басқа да қызметкерлері арасында дәстүрлі 49-шы Спартакиада ұйымдастырды. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің командасы 6-шы орынды иеленді. Факультеттің волейбол командасы жүлделі 2-ші орынға ие болды! Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының доценті Айтбаева Бақыт Манатқызы факультетінің волейбол әйелдер командасының капитаны болды. Құттықтаймыз!!!

Ары қарай оқу >>

Спорт мұражайында

25.01.2023

2023 жылдың 25 қаңтарында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының "Саяхат" өлкетану клубы Қазақстан Республикасының спорттық олимпиадалық Даңқ мұражайына экскурсия өткізді. Шетелдік студенттер мұражайда ұсынылған экспонаттармен танысуға мүмкіндік алды. Олардың қатарында Әлем, Еуропа чемпионаттарында, ірі халықаралық турнирлерде жеңіп алған қазақстандық спортшылардың кубоктары, медальдары, фотосуреттері және өзге де сирек кездесетін экспонаттар бар. Мұражай орналасқан XIX ғасырдың соңында салынған тарихи ғимарат студенттердің қызығушылығын тудырды.

Ары қарай оқу >>

Факультеттің кеңейтілген Ғылыми кеңесі өтті

27.12.2022

ЖОО оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде желтоқсан айының 27-ші жұлдызында өткен факультеттің кеңейтілген Ғылыми кеңес отырысында факультет деканы С.Қ.Суатай күзгі семестрде жасалған факультет жетістіктеріне, келер жылдың факультет алдында тұрған міндеттеріне тоқталып өтті. Факультет ұжымын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, факультет қызметкерлерінің ерен еңбектеріне алғыс айта отырып бірқатар үздік оқытушыларды марапаттады. Солардың қатарында біздің әріптесіміз, ұзақ жылдар факультетте еңбек етіп жүрген, білімді, білікті, еңбекқор маман, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Машинбаева Гүлназ Әбенқызы да факультеттің Алғыс хатымен марапатталды. Гүлназ Әбенқызын марапатымен құттықтаймыз!

Ары қарай оқу >>

Кафедраның Ашық есік күні

04.12.2022

Бірінші семестрдің соңында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында дәстүрлі түрде Ашық есік күні өткізіледі. Онда шетелдік студенттер өздерінің өнерлерін көрсетеді, сондай-ақ жарты жылда меңгерген қазақ және орыс тілдерін меңгеру деңгейлерін, қандай нәтижелерге қол жеткізгенін көрсетеді. Биыл кафедрада Қытай, Корея, Иран, Түркия, Америка, Жапониядан келген тыңдаушылар білім алуда. Олардың барлығы жақындасып, жақсы дос болды. Куратор-эдвайзерлердің жетекшілігімен дайындалған концерттік бағдарламаға кафедрада оқитын барлық студенттер қатысты.

Ары қарай оқу >>

Қазақ тілін шет тілі және орыс тілін шет тілі ретінде оқытудағы инновациялық технологиялар: оқу үдерісін оңтайландыру

25.11.2022

2022 жылғы 25-26 қарашада шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында "Қазақ тілін шет тілі және орыс тілін шет тілі ретінде оқытудағы инновациялық технологиялар: оқу үдерісін оңтайландыру" атты Халықаралық ғылыми-практикалық семинар өткізілді. 25 қарашада онлайн форматта өткен отырысқа кафедра оқытушыларынан басқа Жапония, Иран, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Ресей, Қазақстан спикерлері қатысты. Ұсынылған баяндамаларды талқылау барысында лингвистер қазақ, орыс, қырғыз, украин, ағылшын тілдерін оқытудың түрлі мәселелері бойынша пікір алмасты, өзекті әдістемелік мәселелерді талқылады. 26 қарашада семинар дәстүрлі форматта жалғасты. Жиналғандардың алдында шет тілі ретінде орыс тілі бойынша оқулықтар шығаруға маманданған "Златоуст" баспасының өкілдері сөз сөйлеп жаңа оқулықтар, интернет-ресурстармен таныстырды, сондай-ақ кафедраға өз басылымдарын ұсынды. Кездесудің модераторы филология ғылымдарының докторы, профессор Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы болды. Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.

Ары қарай оқу >>

Қазақ ұлттық ойындары

12.11.2022

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында ұзақ уақыт бойы табысты жұмыс істеп келетін "Денсаулық" спорт клубының басшылары қазақ тілін оқитын топтардың куратор-эдвайзерлерімен бірлесіп "Қазақ ұлттық ойындары" тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Шетелдік студенттерге бейне презентация көрсетілді, оның барысында тыңдаушылар "Арқан тарту", "Асық ату", "Қыз қуу" сияқты ойын түрлері туралы ақпарат алды. Мұндай іс-шаралар шетелдік азаматтарға қазақ халқының мәдениеті және дәстүрлерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

Ары қарай оқу >>

Менің сүйікті қалам Алматы

11.11.2022

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының куратор-эдвайзерлері тәрбие жұмысын белсенді жүргізуде. "Менің сүйікті қалам Алматы" атты кезекті тәрбие іс-шарасында Қытай, Корея, Иран студенттері Қазақстанның оңтүстік астанасының тарихы мен бүгінгі күні туралы ақпарат алды. Тыңдаушылардың назарына ұсынылған бейне презентация Алматы қаласы бойынша виртуалды экскурсия жасауға мүмкіндік берді.

Ары қарай оқу >>