Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

19-ақп-21

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының "Саяхат" және "Қазақстантану" танымдық өлкетану клубтарының жетекшілері орыс тілін үйренуші жалғастырушы деңгейдегі студенттерге "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері" атты дөңгелек үстел өткізді. Шетелдік тыңдаушылардың ерекше назары 2021 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы болып табылатындығына аударылды. Осындай тақырыптағы іс-шаралар студенттерге елімізді бай тарихы бар жас тәуелсіз мемлекет ретінде түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ары қарай оқу >>

Ұлы адамдар өлкесі

18-ақп-21

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары дәстүрлі түрде тыңдаушыларды еліміздің тарихымен, мәдениетімен жақынырақ таныстыруды мақсат ететін тәрбиелік іс-шаралар өткізеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсыңында мұндай іс-шаралар ерекше мәнге ие болады. Куратор-эдвайзерлер тәрбие жұмысы бойынша клуб жетекшілерімен бірлесіп, қазақ тілін үйренуші студенттермен "Ұлы адамдар өлкесі" атты факультеттік деңгейдегі дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында оқытушылар Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына, мәдениетіне, ғылымына баға жетпес үлес қосқан ұлы тұлғалар туралы әңгімеледі. Студенттер Қазақстан халқы мақтан тұтатын есімдермен үлкен қызығушылықпен танысты, сондай-ақ тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.

Ары қарай оқу >>

2-семестрге дайындық

4-ақп-21

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының куратор-эдвайзерлері 2-ші семестрдің басында кіріспе кураторлық сағаттарын өткізді. Осы іс-шараларда оқытушылар студенттерді 2 семестрге арналған жұмыс жоспарымен таныстырып, аралық бақылау мен жазғы емтихан сессиясын тапсыру мерзімдеріне назар аударды. Тәлімгерлер тыңдаушыларға оқу тәртібін сақтау қажеттілігін еске салып, тыңдаушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Ары қарай оқу >>

"Киноға барайық!"

3-ақп-21

шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы жанындағы тәрбие жұмысы бойынша "Киноға барайық!" үйірмесі швед жазушысы Астрид Линдгреннің шығармашылығына арналған кезекті отырысын өткізді. Балалар мен жастарға арналған танымал шығармалар қаралды. Іс-шара барысында тыңдаушылардың назарына "Карлсон оралды" мультфильмі ұсынылды

Ары қарай оқу >>

Біздің қызығушылықтарымыз бен хоббиімыз

1-ақп-21

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының куратор-эдвайзерлері екінші семестрде жоспарлы тәрбиелік іс-шараларды жалғастырды. Кезекті кураторлық сағат "Біздің қызығушылықтарымыз бен хоббиімыз" тақырыбына арналды. Студенттер өздерінің хоббиі, бос уақыттарын қалай өткізетіндері туралы үлкен ықыласпен айтты. Қазіргі жастар спорттың әр түрлерімен шұғылданып, дене шынықтырумен айналысатынын атап өткіміз келеді.

Ары қарай оқу >>

Орыс халқының мақал-мәтелдерімен танысу

28-қаң-21

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының "Орыс әдебиеті әуесқойларының клубы" өз жұмысын 2020-2021 оқу жылының екінші семестрінде жалғастырды. Шетелдік студенттер кезекті онлайн шараның барысында орыс халқының мақал-мәтелдерімен танысты. Сабақтарда студенттер орыс халқының ұлттық мәдениеті туралы ақпарат алды. Орыс тілін шет тілі ретінде меңгертетін оқытушының мақсаты - студенттердің белсенді сөздік қорына мақал-мәтелдерді енгізіп, оларды қарым-қатынас процесінде қолдану.

Ары қарай оқу >>

Аға куратор-эдвайзерлер мектеб" өтті

21-қаң-21

Көктемгі семестр қарсаңында, 2021 жылдың 21 қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1-курс студенттерін дәстүрлі оқу форматының басталуына байланысты тәрбие жұмысы жөніндегі департаментінің басшысы Ж.Д.Есімова куратор-эдвайзерлер мектебін өткізді. Іс-шара барысында студенттер мен оқытушылардың коронавирусты жұқтыруына жол бермеу бойынша санитарлық нормалардың талаптарын орындау аясында оқу процесін ұйымдастыруға байланысты өзекті мәселелер қозғалды. Ж.Д.Есимова жиналған қаумының сұрақтарына жауап берді. Мектеп сындарлы түрде өтті.

Ары қарай оқу >>

Куратор-эдвайзерлер мектебі өтті

20-қаң-21

Қысқы демалыс күндері 11 жыл бойы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тәрбие жұмысы департаменті куратор-эдвайзерлер мектебін өткізеді. Биыл бұл іс-шара 20 қаңтар күні виртуалды форматта өтті. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының куратор-эдвайзерлері дәстүрлі түрде мектеп жұмысына белсене қатысады. Эдвайзерлердің алған білімі, сондай-ақ мектеп тыңдаушыларының өзара бөлісетін тәжірибесі оқытушылардың тәлімгерлік қызметі үшін қажетті болып табылады деп ойдаймыз.

Ары қарай оқу >>

Қ.Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласын талқылау

12-қаң-21

2021 жылғы 12 қаңтарда шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары өздерінің кезекті отырысында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласын талқылады. Кафедра оқытушылары Дүйсенбаева Р.И. және Айдарова А.С. қазақ және орыс тілдерінде хабарлама дайындап, мемлекет басшысының мақаласында айтылған негізгі ойларға тоқталып өтті. Талқылау соңында кафедра ұжымымен ел Президенті тұжырымдаған барлық тезистерді бірауыздан қолдайтыны атап өтілді.

Ары қарай оқу >>

Сессия жақындады!

21-жел-20

2020-2021 оқу жылының 1 семестрінің соңғы оқу аптасы басталды. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары өз студенттеріне Қазақ ұлттық университетінің студенттері ретінде алғашқы емтихан сессиясы қалай өтетінін түсіндіріп кеңес беріп жатыр. Оқытушылар тыңдаушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап береді. Құрметті достар, біз баршаңызға барлық тесттерді сәтті жазып, емтихандарды жақсы тапсыруды тілейміз!

Ары қарай оқу >>