«Пойдём в кино!» кино әуесқойлары клубы

ЕРЕЖЕ
 

 

"Пойдем в кино!" кино әуесқойлары клубының негізгі мақсаты – шетел азаматтарын тіл меңгеріп жатқан елдің салт-дәстүрімен, тұрмысымен, тарихымен, ділімен таныстыру, ел туралы, Қазақстанда тұратын адамдардың адамгершілік және моральдық құндылықтары туралы қосымша білімді қалыптастыру.

 

1. Негізгі ережелер

 

Кино әуесқойлары клубы "Пойдем в кино!" (бұдан әрі Клуб) ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктерінің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының қызметкерлерінің шешімі бойынша орыс тілін меңгеріп жатқан бастапқы және жалғастырушы деңгей студенттеріне арналып құрылған.

Клуб қызметі басқа клубтармен тығыз байланысты және университет басшылығы алдында есеп береді.

Клубтың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру жолдарын клуб мүшелері ойларын еркін білдіру негізінде анықтайды.

 

2. Клубтың мақсаты мен міндеттері

 

Клубтың мақсаты:

Шетел азаматтарын орыс және қазақ халқының салт-дәстүрімен, тұрмысымен, тарихымен орыс тіліндегі бейнематериалдар арқылы таныстыру.

 

Клубтың негізгі міндеттері:

  •          Қазақстан мен Ресей туралы, жалпы адамдардың адамгершілік-моральдық құндылықтары туралы қосымша білімді қалыптастыру.
  •          Шетелдік студенттердің әлеуметтік-лингвистикалық және әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастыру.
  •          Шетел студенттеріне орыс тілінде сөйлеу және тыңдау дағдыларын қалыптастыру.
  •          Орыс тілін оқитын шетелдік студенттердің лексикалық қорын кеңейту.

 

3. Клуб мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

 

3.1. Клуб Мүшелері

  •       Клуб мүшелері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультетінің студенттері.
  •       Клубқа қабылдау үшін студенттің ауызша өтініші негіз болып табылады.
  •       Клуб мүшесінің ауызша өтініші клубтан шығуға негіз болады.

3.2. Клуб мүшелерінің құқықтары

  •      Клуб жұмысы бойынша ұсыныстар енгізу.
  •      Мультфильм немесе көркем фильм таңдауға ұсыныс білдіру.
  •      Клуб жұмысының негізгі ережелерімен келіспеген жағдайда клубтан шығу.

3.3. Клуб мүшелерінің міндеттері

  •       Клуб алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға ықпал ету.
  •       Клуб ережелерін сақтау.
  •       Клуб сабақтарына қатысу.
  •       Клубтың басқа мүшелерінің ұсыныстарына, ескертулеріне және тілектеріне құрметпен қарау.

 

4. Клубтың басқару және бақылау органдары

 

4.1. Клуб Жетекшісі

  •            клуб мүшелерінің орыс тілін меңгеру деңгейіне байланысты мультфильмді немесе көркем фильмді таңдауды жүзеге асырады;
  •            фильмдермен жұмыс істеу үшін тапсырмаларды таңдайды;
  •            клуб сабақтарын өткізеді;
  •            сабақ уақытын, орнын анықтайды және клубтың жұмыс кестесін жасайды.

 

5. Клуб Жарғысы мен жұмыс жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

 

  •            Клуб Жарғысына және жұмыс жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді студенттер құрамының өзгеруіне және Клуб мүшелерінің оқу кестесіне байланысты клуб жетекшісі жүргізеді.
  •            Клубтың жұмысын тоқтату клуб мүшелерінің қалауы бойынша жүргізіледі
  •            Клубты жабу туралы шешім шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының отырысында өнімсіз жұмысы жағдайында қабылданады.

 

«Пойдем в кино!» клубының жұмыс жоспары

 

Клуб жетекшісі: аға оқытушы Айтпаева А.С.

 

Іс-шара

Өткізу формасы

Уақыты

1.

Студенттермен кездесу, клуб құру

Сауалнама, әңгімелесу.

Қыркүйек

2.

Клуб мүшелерімен ұйымдастырылған кездесу

Дөңгелек үстел

Қыркүйек

3.

Орыс мультипликациясымен танысу: Маша и медведь. Бірінші кездесу.

Дөңгелек үстел: материалды таныстыру, жаңа лексикамен жұмыс, мультфильм көру

Қазан

4.

Орыс мультипликациясымен танысу: «Как львенок и черепаха пели песню» мультфильмін көру, ертегі мәтінімен танысу.

 

Дөңгелек үстел: материалды таныстыру, жаңа лексикамен жұмыс, мультфильмді көру, ертегіден қойылымды ойнау.

Қазан

5

Орыс мультипликациясымен танысу: мультфильмді көру «Бегемот, который боялся прививок»

Дөңгелек үстел: материалды таныстыру, жаңа лексикамен жұмыс, мультфильм көру

Қараша

6

Орыс мультипликациясымен танысу: мультфильмді көру «Какой чудесный день»

 

Дөңгелек үстел: жаңа лексикамен жұмыс, мультфильм көру, мультфильмнен ән үйрену.

Қараша

7.

Орыс мультипликациясымен танысу: мультфильмді көру «Привет Мартышке»

Дөңгелек үстел: жаңа лексикамен жұмыс, көру, мультфильм қойылымдарын ойнату.

Желтоқсан

8

Орыс/ американ мультипликациясымен танысу: мультфильмді көру «Винни Пух и злые пчёлы»

 

Дөңгелек үстел: жаңа лексикамен жұмыс, мультфильм көру, мультфильмнен ән үйрену.

Желтоқсан

9

Орыс мультипликациясымен танысу: мультфильмді көру «Петя и Красная шапочка»

 

Дөңгелек үстел: жаңа лексикамен жұмыс, көру

қаңтар

10

Орыс мультипликациясымен танысу: мультфильмді көру «Волк и семеро козлят»

Дөңгелек үстел: жаңа лексикамен жұмыс, көру

Қаңтар

11

Орыс мультипликациясымен танысу: мультфильмді көру «Трое из Простоквашино» .

Дөңгелек үстел: жаңа лексикамен жұмыс, көру

Ақпан

12

Орыс мультипликациясымен танысу: мультфильмді көру «Каникулы в Простоквашино»

Дөңгелек үстел: жаңа лексикамен жұмыс, көру

Ақпан

13

Орыс мультипликациясымен танысу: мультфильмді көру «Малыш и Карлсон»

Дөңгелек үстел: жаңа лексикамен жұмыс, көру, мультфильм қойылымдарын ойнату.

Наурыз

14

Орыс мультипликациясымен танысу: мультфильмді көру «Карлсон вернулся»

Дөңгелек үстел: жаңа лексикамен жұмыс, көру, мультфильм қойылымдарын ойнату.

Наурыз

15

«Операция «ы» или приключения Шурика» фильмі (1 бөлім)

Дөңгелек үстел: жаңа лексикамен жұмыс, көру

Сәуір

16

«Операция «ы» или приключения Шурика» фильмі (2 бөлім)

Дөңгелек үстел: жаңа лексикамен жұмыс, көру

Сәуір

17

«Операция «ы» или приключения Шурика» фильмі (3 бөлім)

Дөңгелек үстел: жаңа лексикамен жұмыс, көру

Мамыр

18

Фильмді кинотеатрда тамашалау

Бірлесіп фильм тамашалау

Жыл бойы