Орта ғасыр түркі жазба ескерткіштердегі парсы сөздердің қолданылу ерекшеліктері

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасы мен «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының бірлесіп дайындаған сегізінші семинары «Орта ғасыр түркі жазба ескерткіштердегі парсы сөздердің қолданылу ерекшеліктері» атты тақырыппен жалғасын тапты. Семинар беруші «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, проф. м. а. Зубайда Шадкам болды.

Семинарға университетіміздің оқытушы-профессорлар қауымы, студент, магистрант, докторант және шетелдік зерттеушілер де қатысты. Тақырыбы жағынан шығыстану, түркітану және басқа да мамандықтар үшін маңызды болып есептелетін қолжазбалардың аударылу ерекшеліктері айтылып өтті. Бұнымен қоса, күні бүгінге дейін араб әрпімен жазылған мәдени мұраларымызды аудару кезінде жіберілген қателіктер, оның ішінде парсы тілінен енген сөздерді аудару ерекшеліктері туралы сөз қозғалды. Араб әріптерін Қараханид кезеңінен бастап XX ғасырға дейін қолданып келген түркі халықтары мұрасының барлығының ғылыми айналымға түсуіне байланысты маңызды мәселелер қозғалды. Семинарға қатысты тағы бір айта кететін мәселе, Орта Азия халықтарында сын-пікір айту / жазу мәселесінің ғалымдар арасында әлсіз болғандығы тілге тиек етілді.

Семинардың соңында Түрксой кафедрасының меңгерушісі PhD У. Т. Кыдырбаева факультет ұжымы атынан алғыс білдірді.

Басылым күні :  31.03.2021