Ресей Федерациясының А. М. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералдық университеті, солтүстік-шығыс халықтарының тілдері және мәдениеті институтымен онлайн-кездесу

 

11 желтоқсан 2020 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен М.К.Аммосов атындағы СШФУ арасында кезекті онлайн кездесу өтті. «Айналаңды нұрландыр» жобасы негізінде Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының білім-ғылым және мәдени кеңістіктегі ынтымақтастықты дамыту мақсатында ұйымдастырған шараға қонақ ретінде Саха Республикасының танымал университетінен ф.ғ.к., доцент Г.Г. Торотоев бастаған профессорлық-оқытушылар құрамымен қатар магистранттар, студенттер де қатысты. Кездесу барысында университет, факультет және кафедраның оқу-әдістемелік, ғылыми және халықаралық бағыттары туралы презентациялар көрсетіліп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бүгінгі таңда топ 200 университеттер ішінен 165 орынды иеленіп отырғандығы туралы қонақтармен бөлісті.

Кездесу ҚР Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отырғандықтан қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары мен өнері туралы кеңінен таныстырылып, студенттер дайындаған онлайн видео роликті тамашалады. Кездесуге қонақ ретінде қатысқан ҚР еңбек сіңірген дәстүрлі әншісі Нұржан Жанпейісовтің «Жетісу» әні кездесуді қыздыра түсті.

Сахалар тарапынан қатысқан «Кыл Саха» ұлттық ансамблінің әншісі, этномузыкант Руслан Габышев ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, саха –қаңлы елінен қонақ кәде ретінде тамылжыта ән орындады.

Бауырлас түркі елдерінің арасында өткен кездесу соңында келісілгендей екі тарап арасындағы ынтымақтастық алдағы жылы наурыз айында өтетін халықаралық конференция барысында жалғасын таппақ.

Кафедра оқытушылары: Жанатаева К.Б.

Исаханова М.

Басылым күні :  14.12.2020