«Желтоқсан желі ызғарлы» тәрбие сағаты

2020 жылдың 10-шы желтоқсан күні сағат 17.00-де Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының 1 және 2 курстардың ұйымдастыруымен Республикамыздың Тәуелсіздік күніне арналған демо-сабағы керемет тәсілмен және дәстүрлі емес стильде ұйымдастыруымен ерекшеленді.

Сабақтың мақсаты: студенттердің өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу, желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым

Сабақ соңында Түрксой кафедрасының меңгерушісі Кыдырбаева Үміт Тұрсынбайқызы; Түрксой кафедрасы меңгерушісінің оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кулжан Бекенқызы Жанатаева және кафедра оқытушылар Дулаева Эльнара, Шадкам Зүбайда,   Кабадайи Жерен Ахмет, Балоглу Селенай және Агнур Халел Республикамыздың Тәуелсіздік күнімен құттықтап, өз лебіздерін білдірді.

Түрксой кафедрасының аға оқытушылары:  А. Халел, Э.Дулаева


 

Басылым күні :  10.12.2020