Үздік жас ғалым-2020» байқауының І-ші дәрежелі диплом

Осы жылдың қазан айында  «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен еліміздің жас ғалымдарын қолдау үшін қолға алынған Республикалық «Үздік педагог» жобасы аясында шығарылатын «Үздік жас ғалым - 2020» атты ғылым жолындағы жас ғалымдардың байқауы өтті. Байқауда білім беру ұйымдарының Phd докторанттары, магистранттары, оқытушылары, жас мамандары қатысты. Байқаудың нәтижесі бойынша, Шығыстану факультеті, Тюрксой кафедрасының 2 курс магистранты Андирова Алина Ережепбайқызы «Үздік жас ғалым-2020» байқауының І-ші дәрежелі дипломын иеленді, сонымен бірге арнайы тағайындалған «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ» төсбелгісімен марапатталды. Ғылыми жетекшісі Шадкам Зүбайдамен бірге жазған мақалалары мен ғылыми жұмыстары, магистранттың өмірбаяны «Үздік жас ғалым-2020» атты жинаққа енгізілді. Марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласы, «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығында өтті. Диплом мен төсбелгіні «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы басшысының орынбасары Набиев Саят Талғатұлы тапсырды.

Басылым күні :  29.11.2020