Бюлент Байрамның «Türkiye Türkolojisinde Kazak dili ve Edebiyatı» атты онлайн-семинары

Ахмет Яссауи университетінің профессоры, доктор Бюлент Байрамның «Türkiye Türkolojisinde Kazak dili ve Edebiyatı» атты онлайн-семинары

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасы мен «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған Ахмет Яссауи университетінің (http://ayu.edu.kz ) профессоры, доктор Бюлент Байрамның (https://scholar.google.com/citations?user=UIjfpikAAAAJ&hl=tr ) «Türkiye Türkolojisinde Kazak dili ve Edebiyatı» атты онлайн-семинары өтті. Профессор Б.Байрам Түркия тарапынан қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелеріне тоқтала отырып, қазақ тілі мен әдебиетіне байланысты 575 дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертация жазылғанын айтты. Түркияда қазақ фольклоры, қазақ дастандары, батырлық жырларға байланысты ауқымды жұмыстар жасалып, түрік тіліне аударылды.  

Семинарға Түрксой каферасының профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен докторанттар және Түркияның жоғарғы оқу орындарының студенттері мен жас ғалымдары да қатысты. Семинардың соңында Шығыстану факультеті мен Түрксой кафедрасының басшылығы атынан «Алғыс хат» ұсынылып, алғыс айтылды.   

Кайранбаева Н.

Басылым күні :  28.11.2020