«Қазақстан мен Түркия арасындағы алтын көпір» дөңгелек үстел

29 қазан 2020 жылы сағат 17.00-де Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының 1 және 4 курстардың ұйымдастыруымен Түркияның Республика күніне орай «Қазақстан мен Түркия арасындағы алтын көпір» тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге 1 және 4 курс студенттері, оқытушылар және Орта Азиядағы ең маңызды әлеуметтік медиа топтарының бірі «Benim Yarim Türk» әлеуметтік тобының жетекшісі, кәсіпкер Сердар Четинкая Мырза қатысты. С. Четинкая Мырза Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас туралы өз ойымен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, студентер де Түркияның тәуелсіздігі туралы видео ролик көрсетіп, өлеңдер оқыды. Отырыстың соңында Түрксой кафедрасының меңгерушісі Қыдырбаева Үміт

Тұрсынбайқызы; Түрксой кафедрасы меңгерушісінің оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кулжан Бекенқызы Жанатаева және аға оқытушылар Айым Жамиханқызы Назарова, Гүлзада Қанатқызы Теменова және Ақнұр Халел түрік халқын Республика күнімен құттықтады.  

 

Түрксой кафедрасының аға оқытушылары:

А.Ж. Назарова, Г.Қ. Теменова, А. Халел

 

 

Басылым күні :  02.11.2020