Зияткерлік клубындағы онлайн-кездесу

 

Зияткерлік клубындағы онлайн-кездесу

        Қазақстандағы халықтардың тіл күндерін атап өту мақсатында Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасында Құтты білік» зияткерлік клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Тіл – ұлттық қазына» тақырыбында кездесу кеші онлайн түрінде өтті. Кеш қонағы Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, филол. ғ.к. Анар Мұратқызы Фазылжан студенттермен ой бөлісті.

____________________________________________________________

 Іс-шараның мақсаты – ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың биылғы халыққа Жолдауына байланысты XXI ғасыр тіл білімі, түркітану саласындағы өзара ғылыми байланыс, латынға көшу мәселесі, кафедра мен Тіл білімі институтымен бірге атқарылар жұмыстарды талқылау.

       Кездесудің алғысөзінде Шығыстану факультетінің деканы, PhD доктор Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы мемлекеттік тілдің жіне өзге де факультетте оқытылатын тілдердің маңызы мен қолданылу аясы туралы сөз етті.  

       Кездесу қонағы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, филол. ғ.к. Анар Мұратқызы сөз алып, тіл тағдыры, оның кешегісі мен бүгіні, болашағы туралы студенттермен ой бөлісті.

     Анар Мұратқызы зияткерлік клубының мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, ашық, еркін кездесу өтті. Тіл туралы қызықты мәліметтермен бөлісті. Осы шараны ұйымдастырған «Құтты білік» зияткерлік клуб жетекшісі Гүлжамал Қортабаеваға алғысын білдірді.

       Кездесуді ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра менгерушісінің орынбасары,   гуманитарлық ғылымдар магистрі Монтанай Элмира Әзімбайқызы тәмамдады.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Шығыстану факультеті

Түрксой кафедрасы

Филол.ғ.к Қортабаева Г.Қ.

Басылым күні :  28.09.2020